Шымкент қаласының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын (түбірімен босатылған сүрек үшін белгіленетін ставкаларды қоспағанда) бекіту туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 17/153-VIII шешiмi
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 14-бабы 2) тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы кодексінің 587-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қаласының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары (түбірімен босатылған сүрек үшін белгіленетін ставкаларды қоспағанда) осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы |
Б. Нарымбетов |
2024 жылғы 14 маусымдағы
№ 17/153-VIIІ шешіміне
1-қосымша
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарға пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері
| № | Орман пайдалану түрінің атауы | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш) |
| Ұзақ мерзімді орман пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін) | |||
| 1. | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, сауықтыру мақсаттар үшін пайдалану | гектар | 1,22 |
| 2. | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін тарихи-мәдени, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану | гектар | 4,47 |
| Қысқа мерзімді орман пайдалану (бір жылдан он жылға дейін) | |||
| 1. | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, сауықтыру мақсаттар үшін пайдалану | адамнан болған әрбір күн үшін | 0,1 |
| 2. | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін тарихи-мәдени, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану | адамнан болған әрбір күн үшін | 0,1 |