(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2024 - 2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖ...

2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 104/11 шешімі

 

Осы редакция 2024 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 - бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағының 1) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2024-2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 228 330 318 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 206 799 469 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 413 915 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 705 823 мың теңге;

трансферттер түсімі - 15 411 111 мың теңге;

2) шығындар - 225 070 149 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - - 3 250 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - нөлге тең;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 250 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 631 559 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 631 559 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - нөлге тең;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 2 631 860 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 2 631 860 мың теңге.».

2. 2024 жылға арналған Павлодар қалалық бюджетінде облыстық бюджетке 156 268 964 мың теңге сомасында бюджеттік алулар көзделгені ескерілсін.

3. 2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджетінде Павлодар қалалық бюджеттен кенттің, ауылдық округтің және қаланың кейбір ауылдарының бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемі көзделсін, оның ішінде:

2024 жылға жалпы 1 252 127 мың теңге сомасында:

Ленин кенті - 303 957 мың теңге;

Кенжекөл ауылдық округі - 346 529 мың теңге;

Павлодар ауылы - 287 716 мың теңге;

Жетекші ауылы - 168 234 мың теңге;

Мойылды ауылы - 145 691 мың теңге;

2025 жылға жалпы 1 384 336 мың теңге сомасында:

Ленин кенті - 339 050 мың теңге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.