«Арнайы экономикалық аймақтардың және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 621 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 30 маусымдағы № 341 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Арнайы экономикалық аймақтардың және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілгенадамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 621 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19360 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілген Арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларында:
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Басқарушы компанияның атқарушы орган функциясын жеке дара атқаратын адаммен немесе атқарушы орган басшысымен еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда, арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниялары күнтізбелік бес күн ішінде бұл туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.