«Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 216 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 591 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6991 тіркелген, 2011 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушылық және басқа да мемлекеттік органдарында № 9, 409 мақаласы нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидасы бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидаларында:
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) Кеме қатынасының тіркелімі Қағидасына осы Қағидада қолданылған мынадай нормативтік құқықтық актілер жатады:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген, Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6871 тіркелген) (бұдан әрі - ІСЖКЖҚ);
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген Аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6883 тіркелген), (бұдан әрі - АСЖКЖҚ);