Осы редакция 2019 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.11.01. № 13 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 495 бұйрығына
1-қосымша
«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.14.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) әзірленген.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2019.14.01. № 6 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2019.14.01. № 6 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен кейін келесі күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
лицензияны беру - 6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны қайта рәсімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
заңды тұлға - лицензиаты басқа заңды тұлғаға бөліп шығу, бөліну нысанында қайта ұйымдасқан кезде лицензияны қайта рәсімдеу - 6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірмей.