«Кемелердің командалық құрамының адамдарына арналған диплом нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 1000 бұйрығы (2025.22.08. берілген өзгерістермен)

Кемелердің командалық құрамының адамдарына арналған диплом нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 1000 бұйрығы

(2025.22.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Көлік министрінің м.а. 2025.05.08. № 256 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 22 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Көлік министрінің м.а. 2025.05.08. № 256 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 22 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Кәсіби диплом нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 573 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8646 болып тіркелген, 2013 жылғы 31 қазандағы № 243 (28182) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.