«Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Инвестицилар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 499 бұйрығына 5-қосымша) (2019.09.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019.09.10. № 763 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

бұйрығына 5-қосымша

 

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 527 бұйрығымен күші жойылды

 

«Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2019.09.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы тапсырған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрде (толық автоматтандырылған).

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

Порталда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.