«Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 294 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18680 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 22 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) құқық иеленуші - шарт бойынша немесе «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де негіз бойынша туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға айрықша құқық алған жеке немесе заңды тұлғалар;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы орналастыру үшін өтініш берушілер уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес міндетті теле -, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы орналастыруға өтінім;