«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 35 бұйрығы

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 35 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17565 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 22 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті:

1) лицензиаттың өтініші негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мамандықтары бойынша бұрын берілген бiлiм беру қызметiмен айналысуға арналған лицензияларға қосымшаларды осы бұйрыққа сәйкес қайта ресімдеуді қамтамасыз етсін;

2) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мамандықтары бойынша бiлiм беру қызметiмен айналысуға арналған лицензияларға қосымшаларды қайта ресімдеу кезінде осы бұйрықты және білім беру саласындағы уәкілетті органның әдістемелік нұсқаулықтарын басшылыққа алсын.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышында:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.