«Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 55/01 қаулысымен бекітілді ) (күші жойылды)

Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 49/02 Қаулысымен күші жойылды

Қарағанды облысы әкімдігінің

2015 жылғы 22 қыркүйектегі

№ 55/01 қаулысымен бекітілді

 

 

«Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған

жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11452 тіркелген) бекітілген «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www.egov.kz  «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру (бұдан әрі - рұқсат), сондай-ақ олар жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру: электрондық.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.