Нысаналы капитал қорының үлгілік жарғысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 576-НҚ бұйрығы
«Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған нысаналы капитал қорының үлгілік жарғысы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Мәдениет және ақпарат министрі
2025 жылғы 21 қазандағы
№ 576-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Нысаналы капитал қорының
үлгілік жарғысы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нысаналы капитал қорының Жарғысы (бұдан әрі - Жарғы) (корпоративтік/жеке/қоғамдық) _____________________ (атауы өтініште көрсетіледі) оның атауын, орналасқан жерін, оның органдарын қалыптастыру тәртібі мен құзыретін, оның қызметін қайта ұйымдастыру және тоқтату шарттарын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да ережелерді айқындайды.