«Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 6 тамыздағы № 308 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11243 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 - бабы 1-тармағының 53) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларында:
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Азаматтық қорғау құралымдарының есебін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары жүргізеді.»
8. Азаматтық қорғаудың құралымдары орталық және жергілікті атқарушы органдарда, арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұйымдарда құрылады.»;
10 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Азаматтық қорғау құралымдарындағы қажеттілік есептерін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес:
орталық атқарушы органға, арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органға тікелей бағынатын, салалық кіші жүйедегі азаматтық қорғаудың құралымдары үшін - азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелері әзірлейді және тиісті мемлекеттік орган бекітеді;