(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТІНІҢ 1994 ...

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 маусымдағы № 728 және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 615 Қаулысы

 

Осы редакция 2026 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзілсiн:

1) «Қазақстан Республикасының Халықаралық Архивтер кеңесiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 маусымдағы № 728 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 27, 300-құжат):

1-тармақтағы «Архивтер мен құжаттар бас басқармасына» деген сөздер «Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы «Архивтер мен құжаттар бас басқармасының» деген сөздер «Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы «Архивтер мен құжаттар бас басқармасы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне» деген сөздер «Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) «Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртібінде:

7-тармақтағы «қоғамдық келісім» деген сөздер «спорт» деген сөзбен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Д. Ахметов