Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Алматы қалалық әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 1/1-166 Қаулысы
Алматы қаласы әкімдігінң 2026 жылғы 30 наурыздағы № 1/1-406 Қаулысымен күші жойылы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес,, «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 22.1-22.01/743-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ортақ пайдалану обьектісі үшін (алаң ұйымдастыру) «KazBuild Development жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 187/2 учаскесі мекенжайы бойынша орналасқан, ауданы 0,2120 га (кадастрлық нөмірі 20-311-001-026) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.