(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК...

Осы редакция 2019 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 293 бұйрығына 2-қосымша

 

 

«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2017.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.17.07. № 533 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.17.07. № 533 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал);

2) www.e.gov.kz, www.elіcense.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.17.07. № 533 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәтінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызмет беруші көрсетілетін қызмет алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.