«Қазақстан Республикасындағы тұтыну кооперативтерінің қызметі жөнінде шешімдерді тұжырымдау үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 28 қарашадағы № 186-ө өкімі

Қазақстан Республикасындағы тұтыну кооперативтерінің қызметі жөнінде шешімдерді тұжырымдау үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 28 қарашадағы № 186-ө өкімі

 

Қазақстан Республикасындағы тұтыну кооперативтерінің қызметі жөніндегі шаралар кешенін көздейтін ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында:

1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасындағы тұтыну кооперативтерінің кызметі жөнінде шешімдерді тұжырымдау үшін ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.

2. Жұмыс тобы 2024 жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасындағы тұтыну кооперативтерінің қызметі жөнінде шаралар кешенін көздейтін ұсыныстарды тұжырымдап, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

3. Жұмыс тобының отырыстары қажеттілігіне қарай өткізілсін.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2023 жылғы 28 қарашадағы

№ 186-ө өкіміне

қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.