Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 «Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 286 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 «Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3440 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 19 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері:
осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Маңғыстау облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына;
осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, Маңғыстау облысының олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына;