ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 20, 97-құжат; 2018 ж., № 7-8, 23-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1, 6 және 12-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. 2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 8 651 742 646 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 5 592 394 446 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 120 224 237 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 5 620 000 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша - 2 933 503 963 мың теңге;
2) шығындар - 9 353 497 730 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 129 691 956 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 250 268 731 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 120 576 775 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 51 806 107 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 51 806 107 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -883 253 147 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 1,5 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -4 330 528 103 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 7,4 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 883 253 147 мың теңге.»;
«6-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен трансферттер түсімдері:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу мерзімін 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыруға байланысты - 49 046 555 мың теңге;
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс берушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдары бойынша мөлшерлемелерді азайтуға байланысты - 14 653 852 мың теңге;
«Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды беруге байланысты - 65 296 мың теңге;
«Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданылу кезеңіне Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының өзгеруіне және Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қала санатына жатқызылуына байланысты 15 066 927 мың теңге көзделсін.
Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен трансферттердің көрсетілген сомаларының республикалық бюджетке түсімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;
«12-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенциялар көлемдерi 1 573 345 504 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:
Ақмола облысына - 104 043 009 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 56 275 267 мың теңге;
Алматы облысына - 156 003 745 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 163 157 610 мың теңге;
Жамбыл облысына - 158 021 243 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 50 857 832 мың теңге;
Қарағанды облысына - 103 899 796 мың теңге;
Қызылорда облысына - 137 143 159 мың теңге;
Қостанай облысына - 108 989 956 мың теңге;
Павлодар облысына - 46 829 053 мың теңге;
Солтүстiк Қазақстан облысына - 95 748 762 мың теңге;
Түркістан облысына - 392 376 072 мың теңге.»;
2) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
«12-1-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданылу кезеңіне Шымкент қаласының бюджетіне Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қала санатына жатқызылуына байланысты бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 15 066 927 мың теңге сомасында көзделсін.»;
3) 13-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. 2018 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне:»;
24) тармақшадағы «субсидиялауға бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.» деген сөздер «субсидиялауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
«25) «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің осы баптың бірінші бөлігінің 11), 12), 16) және 17) тармақшаларында көрсетілген, 2018 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;
4) 14, 17, 18, 19 және 20-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2018 жылға кредиттер сомаларын бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;
«17-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылға арналған резервi 103 409 262 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.
18-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2018 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 5 620 000 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 11 591 652 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
19-бап. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2018 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 21 948 267 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
20-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 580 206 мың теңге көзделсiн.»;
5) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
«20-1-бап. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған заңды тұлғаларға мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген кредиттер мен қаражат жөніндегі, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалардың тізбесі және берешек көлемдері жөніндегі талаптары тоқтатылады деп белгіленсін.»;
6) көрсетілген Заңға 1, 4 және 5-қосымшалар осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2-бап. Осы Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы қазанның 29-ы.
№ 187-VІ
«2018 - 2020 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2018 жылғы 29 қазандағы
Қазақстан Республикасының
№ 187-VI Заңына
1-ҚОСЫМША
«2018 - 2020 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
2017 жылғы 30 қарашадағы
Қазақстан Республикасының
№ 113- VI Заңына
1-ҚОСЫМША
2018 жылға арналған республикалық бюджет