«Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 351 бұйрығы
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 123 бұйрығымен 2026 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16165 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. ______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(объектінің атауы, орналасқан жері немесе мекенжайы)
____________________________________________________________________
объектіні салуды/ қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген
бөліктерін) реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) меншік иесі
дербес ____________________________________________________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
және/немесе ол тартқан мердігерлік ұйым
____________________________________________________________________
_____________________________________________________ жүзеге асырды.»;