«Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 351 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16165 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. ______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(объектінің атауы, орналасқан жері немесе мекенжайы)
____________________________________________________________________
объектіні салуды/ қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген
бөліктерін) реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) меншік иесі
дербес ____________________________________________________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
және/немесе ол тартқан мердігерлік ұйым
____________________________________________________________________
_____________________________________________________ жүзеге асырды.»;
(ұйымның атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Құрылыс/ қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) нобай (нобайлық жоба)/техникалық жоба бойынша жүзеге асырылды:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(нобайды (нобайлық жобаны)/техникалық жобаны әзірлеген ұйымның атауы,
адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)).