ҚР Қаржы министрінің 2024.31.07. № 500 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2024 ж. 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара);ҚР Қаржы министрінің 2026.02.02. № 69 бұйрығымен оң жақ жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда (2026 ж. 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2026.31.07. № 517 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 21 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 10 шілдедегі
№ 665 бұйрығына
3-қосымша
«Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
Қағидаты
(2026.21.08. берілген өзгерістермен)
1. Осы «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Лицензияны алу және/немесе қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесімен электрондық құжат нысанындағы өтініші портал арқылы қабылданады.