Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 30 шілдедегі № 198 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 18 тамыздан бастап әрекет ететін тізбенің 3-тармағын және 2026 жылғы 13 тамыздан бастап әрекет ететін тізбенің 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
2026 жылғы 30 шілдедегі
№ 198 бұйрығымен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Әуе кемелерін есептен шығару қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6868 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе кемелерін есептен шығару қағидаларында:
1-қосымша осы Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне (бұдан әрі - бұйрықтар тізбесі) 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.