«PISA-2025 (негізгі кезең) және PIRLS-2026 (апробациялық кезең) халықаралық зерттеулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 18 наурыздағы № 41 бұйрығы

PISA-2025 (негізгі кезең) және PIRLS-2026 (апробациялық кезең) халықаралық зерттеулерін өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 18 наурыздағы № 41 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 ‒ 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. PISA-2025 (негізгі кезең) және PIRLS-2026 (апробациялық кезең) халықаралық зерттеулері 2025 жылғы 1 сәуір мен 23 мамыр аралығында өткізілсін.

2. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес PISA-2025 (негізгі кезең) халықаралық зерттеуіне қатысу үшін іріктелген және оларды алмастыратын білім беру ұйымдарының тізімі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес PIRLS-2026 (апробациялық кезең) халықаралық зерттеуіне қатысу үшін іріктелген және оларды алмастыратын білім беру ұйымдарының тізімі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, PISA-2025 (негізгі кезең) халықаралық зерттеуінің білім беру ұйымдарында өткізілуін бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі өкілдерінің (бұдан әрі - Министрліктің уәкілетті өкілдері) тізімі бекітілсін.

2. «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамы (М.З. Аманғазы) 2025 жылғы 1 сәyip мен 23 мамыр аралығында PISA-2025 және PIRLS-2026 зерттеулерін ұйымдастырсын және өткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрілігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (Е.Н. Дауенов) PISA-2025 негізгі зерттеуін және PIRLS-2026 апробациясын өткізудің жалпы үйлестіруін қамтамасыз етсін.

4. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары білім беру ұйымдарының PISA-2025 және PIRLS-2026 зерттеулеріне қатысуын қамтамасыз етсін.

5. Министрліктің уәкілетті өкілдерінің іссапар шығындары іссапарға жіберуші тараптардың өз қаражаты есебінен төленеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.