Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеу қағидаларын және Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 23 маусымдағы № 56 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына және 84-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесіне мониторинг жүргізу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.