Ашық деректер интернет-порталы пайдаланушыларының әрекеттерін журналдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 17 маусымдағы № 323/НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 17-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ашық деректер интернет-порталы пайдаланушыларының әрекеттерін журналдау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Жасанды
интеллект және цифрлық
даму министрі
2026 жылғы 17 маусымдағы
№ 323/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Ашық деректер интернет-порталы пайдаланушыларының әрекеттерін журналдау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ашық деректер интернет-порталы пайдаланушыларының әрекеттерін журналдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 17-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және ашық деректер интернет-порталы пайдаланушыларының әрекеттерін журналдау тәртібін айқындайды.