(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЙОДТАЛМАҒАН АС ТҰЗЫН ӘКЕЛУ, ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ҚАҒИ...

Йодталмаған ас тұзын әкелу, өндіру және өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-228/2020 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 21 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған йодталмаған ас тұзын әкелу, өндiру және өткізу қағидалары бекітілсін.

2. «Йодталмаған ас тұзын әкелу, өндіру және өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 154 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11027 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.