«Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттарын, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді, сондай-ақ азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін шекті мәндерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 180 бұйрығы (күші жойылды)

Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттарын, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді, сондай-ақ азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін шекті мәндерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 180 бұйрығы

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 14 тамыздағы № 320 бұйрығымен күші жойылды

 

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 2-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 171) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін шекті мәндер бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.