«Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м. а. 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығына 2-қосымша) (2019.22.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі

міндетін атқарушының

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 18-03/390 бұйрығына

2-қосымша

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 286 бұйрығымен күші жойылды

 

 

«Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.22.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.22.04. № 166 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.22.04. № 166 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қызметті аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.22.04. № 166 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.22.04. № 166 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасы Мемлекеттік корпорацияға тапсырылған сәттен бастап:

аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алуға квоталар бөлу кезінде - аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін алу лимиттері бекітілгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.