Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 808 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 229 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларына:
екінші бөлігінің тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
««Салықтық, салықтық емес және арнаулы түсімдер бойынша бюджетпен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек» баптары (жол коды 023);»;
үшінші бөлігінің тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
««Бюджетке түсетін салықтық, салықтық емес және арнаулы түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» баптары (жол коды 224);»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Мазмұны жағынан ұқсас баланстан тыс шоттар да осылай жинақталады:
«Жалға алынған активтер» баптары (жол коды 610);
«Жауаптылықпен сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар» баптары (жол коды 620);
«Қатаң есептілік бланктері» баптары (жол коды 630);
«Төлемге қабiлетсiз дебиторлардың есептен шығарылған берешегi» баптары (жол коды 640);
«Қайтарылмаған материалдық құндылықтар үшiн оқушылар мен студенттердiң берешегi» баптары (жол коды 650);
«Ауыспалы спорттық жүлделер мен кубоктар» баптары (жол коды 660);
«Жолдамалар» баптары (жол коды 670);
«Әскери техниканың оқу құралдары» баптары (жол коды 680);
«Мәдени мұра активтерi» баптары (жол коды 690).»;
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«23. ШҚЕ-2 «Қаржылық қызмет нәтижелері туралы шоғырландырылған есеп» нысанының баптарын шоғырландыру кірістер мен шығыстардың ұқсас баптарын жолма-жол қосу арқылы жүзеге асырылады:
«Айырбас емес операциялардан алынатын кірістер» баптары (жол коды 010);