«Қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 442 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 4 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 442 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16226 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 22 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әдістеме монополияға қарсы органның қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау тетігін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әдістеме келесі ұғымдарды қолданады:
1) экономикалық шоғырлануға келісім беру - монополияға қарсы органның Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген мәмілелерді жүзеге асыруға келісімі;
2) қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға тыйым салу - монополияға қарсы органның Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген мәмілелерді жүзеге асыруға тыйым салуы;
3) өнім берушілер - қаржы қызметтерін көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын нарық субъектілері;