«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 509 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 6 қарашадағы № 310 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 509 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 6 қарашадағы № 310 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 509 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15852 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 285-1 және 285-2-тармақтармен толықтырылсын:

«285-1. Пайдаланушы ұшу жұмыстарын қамтамасыз ету қызметкерін/ұшу диспетчерін кезекшілікке тағайындамайды, егер ол:

1) пайдаланушы жүргізетін, осы Қағидалардың 239 және 282-тармақтарында көрсетілген пайдаланушының ұшу жұмыстарын бақылау және қадағалау әдісінің барлық арнайы компоненттерін қамтитын даярлық курсын қанағаттанарлық деңгейде аяқтамаса;

2) алдыңғы 12 ай ішінде осы тұлғаға ұшуларды басқаруға уәкілеттік берілген кез келген ауданда ӘК экипажының кабинасында кем дегенде бір бағытта бір біліктілік ұшуын орындамаса, бұл ретте ұшу мүмкіндігінше көп аэродромдарға қонуды қамтуы тиіс;

3) пайдаланушыға пайдаланушының ҰЖН мазмұнын, пайдаланылатын ӘК-нің радиожабдығын және пайдаланылатын ӘК-нің навигациялық жабдығын білетінін дәлелдемесе;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.