«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 182 бұйрығы

«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 182 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Тарифтік реттеудің ынталандыру әдісін қолдана отырып тарифті қалыптастыру мыналарды:

1) шығындардың экономикалық негізділігін ескере отырып, олардың тарифте ескерілетін түрлері мен мөлшерлерін шектеуді;

2) тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтер негізінде айқындалған шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын, нормативтік техникалық ысыраптарды, персоналдың нормативтік санын қолдануды;

3) бақыланатын және бақыланбайтын шығындарды айқындауды;

4) бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамағаны үшін уақытша өтемдік тарифті және бақыланбайтын шығындарды бекітуді;

5) инвестицияланған капиталды қайтаруды және инвестицияланған капиталдың кірістілік нормасын, сондай-ақ субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну кезінде қолданысқа енгізілген активтерінің теңгерімдік құнын және осы Қағидаларға сәйкес есептелген пайда мөлшерлемесін ескере отырып пайданы айқындауды;

6) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін айқындауды;

7) субъектілер қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін айқындауды;

8) тозуды есепке жазудың тікелей әдісін қолдануды;

9) инвестициялық бағдарламаны бекітуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.