«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 40 бұйрығы
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 180-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10764 тіркелді, 2015 жылғы 20 тамыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидасында:
7-тармақтың 1-бөлімі мынадай мазмұнда жазылсын:
«7. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті тіркеуші органға немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес жазбаша нысанда не электронды түрде ата-аналары не басқа мүдделі тұлғалары оның туылған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей береді, ал бала өлі туылған жағдайда медициналық ұйымның жауапты лауазымды тұлғасы өтінішті бала туылған сәттен бастап бес тәуліктен кешіктірмей береді.»;
67-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын: