Осы редакция 2019 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 276 бұйрығына
5-қосымша
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды
және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.28.12. берілген өзгерістермен)
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың, республикалық маңызы қаланың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016.17.06. № 267 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап - 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат берілгенең көп уақыты - 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.