«Озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардың құзыреттілік орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 192 бұйрығы

Озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардың құзыреттілік орталықтарын құру туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 192 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 118-тармағын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардың құзыреттілік орталықтары (бұдан әрі - құзыреттілік орталықтары) құрылсын.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) және «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесі (М.Е. Адамова) (бұдан әрі - Балаларды ерте дамыту институты) құзыреттілік орталықтарының қызметін үйлестіруді және әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаменті (Н.В. Жұмаділдаева) осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың және Балаларды ерте дамыту институтының назарына жеткізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

Ғ. Бейсембаев

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің

2023 жылғы 1 шілдедегі

№ 192 бұйрығына

қосымша

 

 

Озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу үшін мектепке дейінгі
ұйымдардың құзыреттілік орталықтарының құрамы

 

Рет №

Мектепке дейінгі ұйымның атауы

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атауы, мектепке дейінгі ұйымның мекенжайы

1.

«№ 7 «Ақ бота» бөбекжай-бақшасы» КМҚК

Абай облысы, Семей қаласы, Докучаев көшесі, 35А

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.