Созақ ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 27 қарашадағы № 302 Қаулысы
Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 1 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 17847 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Созақ ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.