«Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 202 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 24 қазандағы № 353 бұйрығы

 «Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 202 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 24 қазандағы № 353 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 202 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32218 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидаларында:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) әуежайды пайдаланушы - әуежайды меншік құқығында не өзге де заңды негіздерде пайдаланатын Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының, сондай-ақ шет мемлекеттің заңды тұлғасы.».

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Негізгі қызметтен түскен табыс пен әуежай шығыстарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалатын әуежайлардың шығындары субсидиялауға жатады.

Әуежайдың шығыны тиісті әуежайдың қаржылық есептілігімен расталады.

Әуежайдың операциялық шығындарының сметасы, сондай-ақ жолаушылар ағыны бойынша деректер оның жұмыс істеуіне байланысты шығындарды қаржылық қамтамасыз ету мақсатында әуежайдың алдағы қаржы жылына арналған қызмет бағдарламасының (даму жоспарының) негізінде қалыптастырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.