(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) «ӘКІМШІЛІК ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУҒА АРНАЛҒАН НЫСАНДАРДЫ БЕК...

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө Бұйрығы

 

Осы редакция 2015 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 9-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар бекітілсін:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес пайдаланушылармен балық және басқа да су жануарларын аулау квотасын игеру туралы мәлімет;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде қорғауды жүзеге асыратын жануарлар дүниесі пайдаланушыларының қорықшылық қызметтері туралы мәлімет;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес пайдаланушылардың ағымдағы жылда балық шаруашылығын дамытуға жоспарланған қаржы көлемдерінің орындалуы туралы мәліметі;

4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес пайдаланушылардың балық шаруашылық су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітудің барлық кезеңінде балық шаруашылығын дамытуға жоспарланған қаржы қаражатының көлемдері туралы мәліметі;

5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері туралы мәлімет;

6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері туралы мәлімет;

7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес пайдаланушыларды материалдық-техникалық жарақтау туралы мәлімет;

8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес балық шаруашылығы саласымен айналысатын субъектілер бойынша мәлімет.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.