(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КЕМЕЛЕРДІҢ АУМАҚТЫҚ СУЛАРДА (ТЕҢІЗДЕ),...

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2020 жылғы 20 сәуірдегі

№ 26/қе бұйрығына

1-қосымша

 

Осы редакция 2022 жылғы 3 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда

 және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын

бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру»

 мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1)-тармақшасына (бұдан әрі - Заңы) сәйкес әзірленді және «Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы расталған, электронды нысанда «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі - веб-портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсатты беру (ұзарту) туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш) ұсынады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.