«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Инвестицилар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 499 бұйрығына 9-қосымша) (2019.09.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019.09.10. № 763 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

бұйрығына 9-қосымша

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 527 бұйрығымен күші жойылды

 

«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2019.09.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап:

азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру - күнтізбелік 20 (жиырма) жұмыс күні.

Қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнге дейін ұзартылады;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.