«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 20 тамыздағы № 220 бұйрығы

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 20 тамыздағы № 220 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12148 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарында:

6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес автомобиль жолдарын пайдаланушыларға жол жағдайлары себебінен туындаған жол-көлік оқиғаларынан келтірілген залалды өтеу жөнінде шаралар қабылдайды;».

2. «Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 426 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18909 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.