«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 Қаулысы (күші жойылды)

Предыдущая страница

8. Дезинфекциялау құралдарын бөгде адамдарға беруге және оларды қараусыз қалдыруға жол берілмейді.

9. Дезинфекциялау құралдары мамандандырылған автокөлік құралдарымен немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға бейімделген басқа да көлік құралдарымен тасымалданады.

10. Дезинфекцияны (өңдеуді) мынадай:

 - тері жамылғысын (қорғаныш халат, қолғап);

- тыныс алу ағзаларын («В» маркалы патроны бар РПГ-67 немесе РУ-60М типті әмбебап респираторлар);

- көзді (герметикалық қорғаныш көзілдірік);

- аяқты (бір рет қолданылатын құралдар немесе резеңке етіктер) қорғайтын жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып жүргізу қажет.

11. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі. Дезинфекциялау құралдарымен (дезинструктор, дезинфектор) жұмыс істеуге тартылатын мамандардың дезинфекциялау бойынша даярлығы және жұмысты қауіпсіз жүзеге асыру мәселелері бойынша нұсқамасы болуы тиіс.

 

ІІІ. Ағымдағы дезинфекция

 

12. Ағымдағы дезинфекция күн сайын жүргізіледі.

13. Өңдеу кезінде маска мен қолғапты қолдану керек.

14. Өңдеу келесі түрде жүзеге асырылады:

1) есік тұтқаларын сабынмен жуып, кемінде 70% спирт негізіндегі антисептикпен сүрту қажет;

2) ажыратқыштарды кемінде 70% спирт негізіндегі антисептикпен сүрту;

3) терезе алды тақтайлары, шкафтар, жиһаздар (матамен және жұмсақ кеуекті материалмен қапталмаған бөліктер) және өзге де қатты беттерді сабынмен жуу немесе спирт негізіндегі антисептикпен сүрту;

4) компьютерлердің клавиатурасын кемінде 70% спирт негізіндегі антисептикпен сүрту;

5) асүй үстелшелерін әрбір пайдаланғаннан кейін тұрмыстық химия құралдарын қолдана отырып жуу және кемінде 70% спирт негізіндегі антисептигі бар салфеткамен сүрту қажет;

6) тұрмыстық техника: панельдер мен басқару пульттерін кемінде 70% спирт негізіндегі антисептигі бар сулықтармен сүрту;

7) араластырғыштарды, раковиналарды ыстық сумен мұқият жуу қажет тұрмыстық химия құралдарын қолдана отырып жуу қажет;

8) дәретхананы (унитаз, ванна, душ кабинасы, биде) хлор негізіндегі тұрмыстық химия құралдарын пайдалана отырып, соңғы кезекте өңдеу;

15. Ағымдағы дезинфекция аяқталғаннан кейін пайдаланылған сулықтар, маскалар мен қолғаптар бөлек пакетке салынып, тығыз және герметикалық түрде жабылып, қоқысқа тасталуы керек.

 

IV. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы объектілерде дезинфекция жүргізу (рекреациялық аймақтардағы ортақ пайдалану орындары, тұрғын үйлердің кіреберістері)

1. Дезинфекция жүргізу үшін Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген және қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын вирустық инфекциялар кезінде тиімді режимдерде нақты құралдарды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес қолданады.

2. Дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамаларында, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және балалардың қолы жетпейтін қараңғы жерде тығыз жабылған күйінде сақтайды.

3. Рекреациялық аймақтардағы ортақ пайдалану орындары (орындықтар, саябақтардағы урналар), жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі, сондай-ақ аулалардың ішіндегі таяныштар (балалар және спорт алаңдары) сүрту әдісімен дезинфекциялау құралдарымен өңделеді.

4. Көп пәтерлі үйлерде көпшілік пайдаланатын орындарда (есіктер, есік тұтқалары, лифтілер мен домофондардың кілттері, лифтілер, баспалдақ алаңдары, таяныштар, ажыратқыштар, тұтқалар, балалар алаңдарының ойын элементтері, үстелдер және басқа да осыған ұқсас объектілер) профилактикалық дезинфекция жүргізу ұсынылады, орындықтарды күн сайын күніне кемінде 1 рет сүрту әдісімен жүргізіледі.

5. Дезинфекциялық өңдеуге тартылған адамдар жеке қорғаныш құралдарымен (маскалар немесе респираторлар, халаттар, қолғаптар) жұмыс істейді.

6. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы объектілерде дезинфекциялау іс-шараларын өз қаражаты есебінен немесе эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының қаулылары бойынша жүргізеді.

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 23 қазандағы

№ 57 қаулысына

24-қосымша

 

Пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйесі мекемелерінде

санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі

 

1. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде (бұдан әрі - ҚАЖ мекемелері) жатқан адамдарға мынадай талаптар сақталған жағдайда белгіленген тәртіппен туыстарымен ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер беруге рұқсат етіледі:

1) ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге келген туыстардың алынған сәтінен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты беруі;

2) ұзақ кездесуге ересек бір адамнан асырмай рұқсат беру;

3) ҚАЖ мекемелеріне ұзақ және қысқа мерзімді кездесуге келген барлық адамдардың дене температурасын өлшеу және сауалнаманы толтыра отырып, сауал алу, кейіннен ұзақ мерзімді кездесудегі адамдарға күнделікті термометрия жүргізу;

4) ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер берген кезде ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің, арнайы контингенттің және олардың туыстарының маска режимін сақтауы;

5) ҚАЖ мекемелерінің ұзақ кездесу болатын бөлмелерінде вирустық инфекциялар кезінде өңдеу режимі бойынша рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, кейіннен желдетіп және кварцтап, күніне 2 реттен сиретпей ағымдағы жинауды тұрақты түрде жүргізу;

6) ұзақ уақыт кездесу берілген сотталғандарды 14 күн бойы карантинге жатқызу.

2. ҚАЖ мекемелерінің объектілерінде, оның ішінде қабылдау бөлмелерінде, құрама бөлімшелерінде вирустық инфекциялар кезінде өңдеу режимі бойынша рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, кейіннен желдетумен және кварцтандырумен күніне 2 реттен сиретпей ағымдық жинауды тұрақты түрде жүргізуді қамтамасыз ету.

3. Мекеме персоналынан, этаппен тасымалдауға (тасымалдауға) жататын адамдардан және қауіпсіздігі барынша төмен мекемелердің сотталғандарынан, ҚАЖ және ІІМ мемлекеттік мекемелерінде жұмысқа орналастырылғандардан басқалардың ҚАЖ мекемелеріне көлікпен кіруін және шығуын (жаяу кіруін және шығуын) тоқтата тұру.

4. Кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу үшін тергеушіге және адвокатқа шығаруды қоспағанда, сотталғандардың, сезіктілер мен айыпталушылардың қатысуымен жүргізілетін барлық іс-шараларды олардың қорғау костюмдерін, маскаларды немесе респираторларды, резеңке қолғаптар мен жабық үлгідегі көзілдіріктерді міндетті түрде пайдалана отырып және тергеу әрекеттеріне қатысушылар арасында кемінде 1 метр қашықтықты сақтай отырып шектеу.

5. Дезинфекциялау құралдарының, бактерицидті шамдардың, жеке гигиена құралдарының, тыныс алу ағзаларының жеке қорғаыш құралдарының (маскалар, респираторлар), медициналық термометрлер мен басқа да материалдық ресурстардың қорын ұстауды қамтамасыз ету.

6. Тұрғын отрядтарда, камераларда, тамақтану объектілерінде, өндірістік учаскелерде, жұмыс орындары мен қызмет атқару орындарында жеке гигиенаны сақтау үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету.

7. ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің, қызмет көрсетуші қызметкерлердің және арнайы контингенттің маска режимін сақтауын қамтамасыз ету.

8. ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің арнайы контингентті қабылдау кезінде жеке қорғаныш құралдарында (қорғаныш комбинезоны, маска, қолғап, көзілдірік) болуын қамтамасыз ету.

9. ҚАЖ мекемелеріне келіп түсетін барлық адамдардың, сондай-ақ мекеме шлюзіне кірер алдында ілесіп жүретін адамдар мен жүргізушілердің денесінің температурасын өлшеуді және сұрау алуды қамтамасыз ету.

10. ҚАЖ мекемелеріне күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды, сондай-ақ оларды алып жүретін адамдар мен жүргізушілерді, дене температурасы жоғары (37,20 С және одан жоғары), респираторлық симптомдары бар, сондай-ақ шет елдерден оралған немесе соңғы 14 күн ішінде COVID-19 науқастарымен байланыста тұрған адамдарды жібермеу және қабылдамау.

11. Тергеу іс-әрекеттерінен қайтып оралғаннан және арнайы контингенттің мекеме аумағынан басқа шығуынан кейін адамдар жаңадан келгендер ретінде күнделікті медициналық қарап-тексеру, сұрау, термометрия ұйымдастыру арқылы 14 күннен кем емес мерзімге оқшаулануы тиіс.

12. ҚАЖ мекемелеріне келіп түсетін, коронавирустық инфекцияға талдаудың теріс нәтижесі бар (тергеуге алынған, айыпталушылар, сотталғандар) қабылдауды жүзеге асыру.

13. Монша-кір жууды қамтамасыз етуді, тамақтануды, өндірістік қызметті ұйымдастыру кезінде жергілікті секторларда тұратын сотталғандар ағынының қиылысуын азайту.

14. Адамдар көп жиналатын орындарда (асханалар, БПК, өндірістік учаскелер, тамақ өндірісі, дүкендер және басқа да объектілер) дезинфекциялық режимді күшейту. Дезинфекциялау құралдарымен ылғалды жинау жүргізу жиілігін арттыру, бактерицидті сәулелендіргіштерді пайдалану. Дезқұралдармен тамақтанатын залдарды (үстелдер, орындықтар, едендер) жинауды осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес тамақтанатын сотталғандардың әрбір ауысымынан кейін ұйымдастырылған ұжымдардағы, ас блоктарындағы және сауда объектілеріндегі қоғамдық тамақтану объектілерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритміне сәйкес жүргізу.

15. Осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес тамақтанатын залдарды жабық бактерицидті сәулелегіштермен үздіксіз режимде өңдеуді, үй-жайларды желдетуді, ұйымдастырылған ұжымдардағы қоғамдық тамақтану орындарында, ас блоктарында және сауда объектілерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз ету.

16. Күн сайын медициналық қарап-тексеруді, күніне 2 рет термометрияны, респираторлық симптомдарды анықтау мақсатында декреттелген топ қызметкерлерінің денсаулық жағдайы туралы сұрау жүргізуді қамтамасыз ету.

17. Әкімшілік ғимараттарға, мекемелердің аумағына кіретін есіктерді тері антисептиктерімен, дезкілешелермен жабдықтау, міндетті түрде пайдалануды қамтамасыз ету.

18. Мекеме қызметкерлері мен контингенттің жеке гигиенасын сақтауын бақылауды күшейту.

19. ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің денсаулық жағдайы туралы күнделікті сауалнама жүргізуді, жұмыс орындарындағы дене температурасын өлшеуді, міндетті түрде арнайы ашылған журналға жазба жүргізуді ұйымдастыру. Температурасы жоғары және респираторлық инфекция белгілері бар адамдарды қызметтен (жұмыс орнынан) дереу шеттету.

Персоналда симптомдар пайда болған кезде ҚАЖ мекемесінің қызметкерлері үшін дереу уақытша инфекциялық изоляторға орналастыру және дәрігер-консультантты шақыру. Көрсетілімдер бойынша жұқпалы аурулар стационарына жатқызу.

20. COVID-19 ауруына күдік анықталған кезде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың регламенттелген кешенін дереу жүргізу.

21. 2 сағаттың ішінде телефон арқылы, одан кейін 12 сағат ішінде жазбаша түрде (немесе электрондық байланыс арналары арқылы) СОVID-19 әрбір жағдайына шұғыл хабарламаларды беруді қамтамасыз ету.

22. ҚАЖ мекемелеріне тамақ өнімдерін жеткізу үшін, сондай-ақ күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды айдауылдау үшін пайдаланылатын автокөлікті дезинфекциялық өңдеу жөніндегі шараларды дезинфекциялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес вирустық инфекциялар кезінде өңдеу режимін пайдалана отырып күшейту.

23. Сәлемдеме қабылдау бөлмесінде сәлемдемелер (сәлемдемелер) берілетін үй-жайларға ультракүлгін бактерицидті өңдеу жүргізуді, сондай-ақ сәлемдемелер (сәлемдемелер) түсетін ыдыстарды дезинфекциялық өңдеуді қамтамасыз ету. Санитариялық киім, медициналық маска, қолғаптар, бахилалар қабылдау бөлмелері қызметкерлерінің жұмысын қамтамасыз ету.

24. Бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде іскерлік, спорттық, мәдени, ойын-сауық және т. б. өткізуге тыйым салу.

25. ҚАЖ мекемелерінің объектілерінде, оның ішінде қабылдау, құрама бөлімшелерде, қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес вирусты инфекциялар кезінде өңдеу режимі бойынша рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы және күрделі жинау жүргізуді қамтамасыз ету.

26. Тергеу немесе сот әрекеттерін жүргізу үшін ҚАЖ мекемелерінен арнайы контингентті уақытша әкету тек ерекше жағдайларда ғана қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органы басшысының не оны алмастыратын адамның рұқсатымен жүзеге асыру.

 

ҚАЖ-ға ведомстволық бағынысты сәбилер үйлеріндегі санитариялық-дезинфекциялық режимге қойылатын талаптар

 

1. ҚАЖ-ға ведомстволық бағынысты сәбилер үйлерінде режимдік-шектеу іс-шараларын (карантин) енгізу.

2. Шектеу іс-шараларын іске асыру тәртібінде барлық келушілерді, оның ішінде балалармен бірге тұрмайтын аналарды балалар үйіне жіберуді тоқтатуға, сондай-ақ адамдардың жиналуын көздейтін мәдени-көпшілік және басқа да іс-шараларды өткізуге бағытталған шараларды қабылдауды қамтамасыз ету.

3. Сәбилер үйінде бірге тұрған аналарды шектеу іс-шараларының (карантин) барлық кезеңінде жұмыстан шеттету.

3. Карантин кезеңінде сәбилер үйіне жұмысқа орналасқандардың санын ең азға дейін қысқарту.

4. Карантин кезеңінде сәбилер үйінде, бірге тұру орталығында орналасқан адамдардың тұруын қамтамасыз ету.

5. Карантин кезеңінде сотталғандарды (сәбилер үйіне орналастырылған аналар мен адамдарды) бірге тұру орталығында тамақпен қамтамасыз ету. Тамақтануды санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жеткізу. Тамағы бар термостарды қабылдауды және жуу және өңдеу үшін термостарды беруді тамақ жеткізушілерді санитариялық киіммен, бір рет қолданылатын жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық маскалар, қолғаптар) қамтамасыз ете отырып, сәбилер үйінің КӨП-те жүзеге асыру.

6. Баланы емізетін сотталғандарды карантин кезеңінде сәбилер үйінің бірге тұратын орталығына орналастыру.

7. Карантин кезеңінде бірге тұратын орталықтағы сотталғандардың киім-кешектерін жууды сәбилер үйінің кір жуу бөлмесінде жүзеге асыру.

8. Карантин кезеңінде сәбилер үйіне орналастырылған сотталғандардың, аналарды таңғы және кешкі тексеруді жүргізуді мекеме қызметкерлерін медициналық тексеруден кейін (термометрия, сұрау, тексеру) сәбилер үйінің аумағында жүзеге асыру.

9. Сәбилер үйіне жұмысқа тұрғызылған қызметкерлер мен сотталғандардың, аналардың күн сайынғы таңертеңгілік сүзгісін тексеру нәтижелерін арнайы жүргізілген журналға енгізе отырып, дене температурасын өлшеу, медициналық тексеріп-қарау, денсаулық жағдайы туралы сұрау арқылы қамтамасыз ету.

10. Сәбилер үйіне жұмысқа тұрғызылған, балалармен бірге тұратын сотталғандарға адвокаттармен және өзге де келушілермен (қоғамдық бақылау комиссияларымен) бейнебайланыс арқылы кездесу беру мүмкіндігін қарастыру. Карантин кезеңінде бейнебайланысты ұсынуға техникалық мүмкіндік болмаған кезде мекемеге келушілермен кез келген байланысты денсаулық жағдайы туралы сұрау, термометрия, келушілердің соңғы 14 күн ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болуы немесе ҚР аумағында жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастармен байланыста болуы туралы эпиданамнезді мұқият жинау қатаң түрде жүргізілгеннен кейін жүзеге асыру. Байланысты келушілер үшін медициналық маскаларды және сотталғандар үшін респираторларды (FFP-2, FFP-3 типті) пайдалана отырып жүзеге асыру.

11. Қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес вирустық инфекциялар кезінде қолдануға рұқсат етілген дезқұралдарды пайдалана отырып, сәбилер үйіне тамақ өнімдерін жеткізу үшін пайдаланылатын автокөлікті дезинфекциялық өңдеу бойынша іс-шараларды күшейту.

12. Сәбилер үйінде дезинфекциялық және маскалық режимнің сақталуын, топтық оқшаулауды, таңертеңгілік сүзгі, респираторлық аурулар белгілері бар балаларды тез арада оқшаулауды қамтамасыз ету.

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 23 қазандағы

№ 57 қаулысына

25-қосымша

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіне өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік объектілерге, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілерге қойылатын талаптар

 

1. Объекті әкімшілігі infokazakhstan.kz сайтында міндетті түрде жұмыс жағдайларымен танысады және тиісті келісімге қол қояды.

2. Еңбек заңнамасына сәйкес кезеңінің ұзақтығы вахта қызметкерлерін жұмыс берушінің шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін, тиісті реттеумен, жұмыс беруші еңбекке ақы төлеу.

3. Карантин режимі кезінде барлық қызметкерлер мен жұмысшылар вахталық кент аумағында болады. Қызметкерлер үшін қалаға шығу шектеулі.

4. Корпоративтік іс-шаралар, оның ішінде қызметкерлердің ұжымдарда бұқаралық іс-шараларға қатысуы жүргізілмейді.

5. Қызметкерлер вахталық кентке дейін автобустармен жеткізілген жағдайда көлік құралдарын отырғызу алдында және ауысым соңында алдын ала үнемі дезинфекциялау көзделеді.

6. Персонал санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, жұмыс орындарына қызметтік, қоғамдық немесе жеке көлікпен жеткізіледі. Персоналды қызметтік көлікпен жеткізу санитариялық шаралар сақталған кезде жүзеге асырылады, көлік отыратын орындардың санына сәйкес толтырылады, көліктегі жолаушылар медициналық маска киіп жүреді.

7. Персонал ұйымға (кәсіпорынға) кірген кезде қолды осы мақсаттарға арналған тері антисептиктерімен (оның ішінде белгіленген мөлшерлегіштердің көмегімен) немесе дезинфекциялау сулықтарымен өңдеу жүзеге асырылады.

8. Персонал ұйымға (кәсіпорынға) кірген кезде және жұмыс күні ішінде (көрсеткіштер бойынша) қызметкерлердің дене температурасын бақылау жүзеге асырылады. Дене қызуы жоғары және ауру белгілері бар персонал анықталған жағдайда, бұл адамдар дереу жұмыс процесінен шеттетіледі.

9. Ұйымның медицина қызметкері болмау себебін анықтай отырып, жұмысқа шығу мониторингін күн сайын жүргізуді қамтамасыз етеді, ЖРВИ, тұмау және басқа да вирустық ауруларға ерекше көңіл бөлінеді.

10. Респираторларды кию көзделген зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды қоса алғанда, жұмыскерлерді қоспағанда, объектінің персоналы жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық маска, қажет болған жағдайда - қолғаптар) қамтамасыз етіледі.

11. Шетелден оралғаннан кейін қызметкер белгіленген мерзім ішінде (14 күн) үйде өзін-өзі оқшаулауда болады.

12. Еңбек мигранттары шетелден келгеннен кейін объектілердің басшылығы келген күнін, елін және өзге де сұратылатын мәліметтерді көрсете отырып, тегі бойынша тізімдерді ұсына отырып, телефон, электрондық пошта арқылы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аумақтық департаментіне (бұдан әрі - АД) дереу хабарлайды.

13. Келген еңбекші көшіп-қонушыларды тұратын орындарында (жатақханаларда) кәсіпорынның басқа жұмысшыларынан бөлек, персоналмен байланысты болдырмайтын жеке үй-жай (ғимарат) бөлу жолымен орналастырады.

14. Медициналық пункттің (Денсаулық сақтау пунктінің) ауасын зарарсыздандыру қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтай отырып, үй-жайларды міндетті түрде желдетумен адамдар болмаған жағдайда жүзеге асырылады.

15. Медициналық пункттер қажетті медициналық жабдықтармен және медициналық бұйымдармен (термометрлермен, шпательдермен, жеке қорғану құралдарымен және т.б.) қамтамасыз етіледі.

16. Медициналық пункттің (Денсаулық сақтау пунктінің) медицина қызметкерлері жеке қорғаныш құралдарымен (жоғары дәрежедегі медициналық маскалар немесе респираторлар (FFP2 (N95) немесе FFP3(N99) респираторы), қолғаптармен; бетті қорғауға арналған көзілдіріктермен немесе экрандармен, таза, стерильді емес, ұзын жеңді суға төзімді халатпен (немесе суға төзімді бір рет қолданылатын костюм немесе суға төзімді комбинезон), резеңке етікпен немесе жоғары резеңкеленген бахилалармен) және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етіледі.

17. Объектінің үй-жайларында температуралық режимнің оңтайлы параметрлерін сақтау қамтамасыз етіледі, жұмыс үй-жайларын тұрақты (әрбір 2 сағат сайын) желдету жүргізіледі.

18. Қызметкерлердің жеке/қоғамдық гигиена ережелерін: дәретханаға әрбір барғаннан кейін барлық жұмыс күні ішінде қолды сабынмен үнемі жуу немесе тері антисептиктерімен өңдеу режимін сақтауы қамтамасыз етіледі.

19. Үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, жанасатын беттерді (қызметкерлердің үстелдері мен орындықтарын, орг. (тамақ қабылдау, демалыс бөлмелері, дәретхана бөлмелері, спортпен шұғылдануға арналған бөлмелер мен жабдықтар), барлық үй-жайларда.

20. Объекті әкімшілігі ұйымда (кәсіпорында) инфекциялық ауру белгілері бар адамдар (медициналық маскалар, респираторлар) анықталған жағдайда үй-жайларды жинауға және қызметкерлердің қолдарын өңдеуге арналған дезинфекциялау құралдарының, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының кемінде бес күндік қорының болуын қамтамасыз етеді.

21. Жұмыс беруші жұмыскерлерді жұмысы өндірістік объектіде болуды талап етпейтін жұмыскерлердің қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырады.

22. Вахталық кентте CОVІD -19 күдік анықталған кезде:

қызметкер медициналық пункттің оқшаулағышына оқшауланады; ғимаратқа, үй-жайға барлық адамдардың кіруіне және шығуына тыйым салынады, қабаттар арасында хабарлама тоқтатылады;

кейіннен тексеру және бақылау орнату үшін ғимараттағы /бөлімшедегі науқас қызметкермен байланыста болған барлық адамдардың тізімі жасалады; науқасты эвакуациялағаннан кейін тиісті аумақтың Ұлттық сараптама орталығы филиалының күшімен қорытынды дезинфекция жүргізіледі.

23. Жауапты адамлар жұмысшылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

25. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау орындарының іргелес аумағы қанағаттанарлық санитариялық жағдайда ұсталады, қалдықтарды уақтылы шығару жүзеге асырылады.

26. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) және дезинфекциялық іс-шараларды жүзеге асыратын қызметкерлерге ұйым аумағына және онда орналасқан объектілерге кедергісіз кіру қамтамасыз етіледі.

27. Объекті әкімшілігі өз қаражаты есебінен немесе эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының қаулылары бойынша дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізеді.

28. Жұмысшылардың тамақтану объектілерінде:

1) белгіленген тәртіппен оны жинау, зарарсыздандыру және жою арқылы бір рет қолданылатын ыдыстарды пайдалану қамтамасыз етіледі;

2) көп рет қолданылатын ыдыстарды пайдалану кезінде - оны өңдеуді арнайы жуу машиналарында, оны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, 650с төмен емес температурада 90 минут бойы ыдыстарды және асхана аспаптарын дезинфекциялауды қамтамасыз ететін өңдеу режимдерін қолдана отырып немесе оларды қолдану жөніндегі талаптарға сәйкес дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, сол температурада қол тәсілімен жүргізеді.;

3) туралған көкөністер мен жемістерді қоспағанда, асханаларда тамақ өнімдерін сатуды оралған түрде жүргізеді;

4) сатып алушылар қол жеткізе алатын Нан-тоқаш, кондитерлік және өзге де өнімдерді сатуды оралған түрде ғана жүзеге асырады;

5) асхана қызметкерлері (сатушылар, аспазшылар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да қызметкерлер) өз қызметтерін жұмысшыларға ауысымына кемінде екі рет ауыстыруға жататын бір рет қолданылатын қолғаппен және бүтіндігі бұзылған кезде, персоналдың жұмыс кезінде бір рет қолданылатын медициналық маскаларды пайдалануы (маскаларды 2 сағатта кемінде 1 рет ауыстыру).

6) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады;

7) тамақтану залдарында персоналдың жиналуын барынша болдырмау мақсатында белгілер қою, тосқауылдар мен шектеу ленталарын орнату жолымен кемінде 2 метр қашықтықты сақтайды. Объектілерді тұрақты желдету, сыртқа тарату қондырғыларын тексеру, жөндеу және дезинфекциялау жүргізіледі, сырттан ауа алу арқылы үй-жайларды сүзу мен желдетуді арттырады;

8) жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақшаларын), тамақтану залына (асханаға) кіреберісте қол жууға арналған Раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету витриналарын дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту жолымен ылғалды жинау жүргізіледі;

9)күшейтілген дезинфекциялық режимді сақтау: қызметкерлердің таңғы/түскі және кешкі асқа асханаға келуі басталғанға дейін және одан кейін.

 

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлерінің шығуына (кіруіне) қойылатын талаптар

 

1. Кәсіпорында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша осы тәртіппен көзделмеген қосымша шаралар Жұмыс берушінің қалауы бойынша анықталады.

2. Кәсіпорын басшысы ЖСН (резидент еместерді қоспағанда), нақты тұрғылықты мекенжайын, байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірін) және қызметкер бекітілген медициналық ұйымды көрсете отырып, вахтадан шығуға жататын вахталық қызметкерлердің тізімін қалыптастырады.

3. Кәсіпорын басшысы тізімге сәйкес барлық вахталық қызметкерлерден келген жері бойынша 14 күнге үй оқшаулау режимін қызметкерлердің міндетті түрде орындауы туралы қол қойылған қолхаттарды жинайды.