1. Зертханада жұмыс патогендігі ІІ топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеу үшін шараларды сақтай отырып жүзеге асырылады.
2. Зертхана ғимаратын жобалау кезінде дербес жер учаскелерінде немесе құрамына кіретін ұйымның жер учаскесінде орналасады.
3. Уақытша зертханаларды бейімделген ғимараттарда, үй-жайларда қауіпсіздік талаптары сақталған, жеткілікті су мөлшерімен, электр энергиясымен, суды бұрумен, желдетумен қамтамасыз етілген жағдайда пайдалануға рұқсат етіледі.
4. ИФТ зерттеулер жүргізу үшін диагностикалық жұмыстар жүргізумен айналысатын зертханалардың үй-жайларында өткізу режимі белгіленеді.
5. Зерттеу жүргізу үшін зертхана персоналының жұқтыруын болдырмау мақсатында зерттеу 1 типтегі обаға қарсы костюмдерде жүргізіледі.
6. ИФТ зерттеулер жүргізуге арналған үй-жайлар:
1) материалды қабылдау, тіркеу және оны алғашқы өңдеу бөлмесі;
2) бокс алды бар бокс.
7. Барлық бокстарда қол жууға арналған раковиналар (қол жуғыштар) орнатылған бокс алды болады, болмаған жағдайда тері антисептиктерін, айна мен дезинфекциялық ерітінділері бар сыйымдылықтарды пайдалануға жол беріледі.
8. Зертхана ИФА-жабдықтармен, тест-жүйелермен, шығыс материалдармен, жеке қорғаныш құралдарымен және бактерицидті шамдармен қамтамасыз етілуі тиіс.
9. ИФТ әдісімен зерттеулер жүргізу үшін мыналар сақталады:
1) әрбір аймақта тек осы бөлмеде пайдаланылатын жиһаз, тоңазытқыштар/мұздатқыштар, зертханалық жабдықтар, реагенттер, автоматты тамшуырлар (мөлшерлегіштер), ұштықтар, пластикалық және шыны ыдыстар, қорғаныш киімдер, аяқ киімдер, тальксіз бір рет қолданылатын қолғаптар, жинау мүкәммалдары және басқа да шығыс материалдары болады;
2) жабдықтарды, шығыс материалдарын, реактивтерді, қолғаптарды, халаттарды бір үй-жайдан екіншісіне тасымалдауға жол берілмейді;
3) ИФТ бойынша барлық жұмыстар бір рет қолданылатын қолғаптарда тальксіз жүргізіледі, олар жұмыстың әрбір кезеңін қамтамасыз етеді;
4) барлық үй-жайларда бактерицидті сәулелендіру құралдары орнатылады;
5) ИФТ барлық кезеңдерін жүргізу үшін реагенттерді сақтау шарттары реагенттерді қолдану жөніндегі өндірушінің нұсқаулығының талаптарына сәйкес келеді. Клиникалық үлгілер реагенттерден бөлек сақталады;
6) термостат температурасы күн сайын бақыланады;
7) терезелер тығыз жабылады.
10. ИФТ жүргізуге арналған барлық үй-жайларды өңдеу жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалмен жүргізіледі.
11. Зертхананың жұқпалы аймағының үй-жайы жасанды іске қосылатын сору-сору желдеткішімен және шығатын жерде жұқа тазалау сүзгілерімен жабдықталады.
12. Зертхана үй-жайларында:
1) арнайы киімсіз жұмыс істеуге;
2) желдеткіш жарамсыз болған жағдайда жұмыс жүргізуге;
3) заттаңбасы жоқ реактивтерді сақтау және қолдануға;
4) жұмыс ерітінділерінің қорларын жұмыс орындарында және стеллаждарда сақтауға жол берілмейді.
13. Бокстардағы жұмыс таза аймақтан жұқпалы аймаққа қарай ұйымдастырылады. Бокстың ішкі беткейлері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген тотығуға қарсы дезинфекциялау құралдарымен өңделеді.
14. Зертханалар шұғыл көмек көрсету жағдайына және апат жағдайына арналған дәрі қобдишалармен қамтамасыз етіледі.
3. ПТР және ИФТ зерттеулерін жүргізуге арналған үй-жайлардағы режимге қойылатын талаптар
1. Жұмыс күнінің басында және соңында жұмыс бөлмелерінде үстелдерді, аспаптарды, жабдықтарды өндірушінің нұсқаулығына сәйкес осы мақсаттар үшін қолдануға рұқсат етілген этил спиртімен және дезинфекциялық құралдармен өңдеу жүргізіледі.
2. Жұмыс басталғанға дейін үй-жайды ылғалды тәсілмен, «таза» аймақта жуу құралдарын қолдана отырып, «жұқпалы» аймақта жуу құралдары мен дезинфектанттарды қолдана отырып, тазалайды, бактерицидті сәулелендіргіштермен 30-60 минут бойы сәулелейді.
3. Жұмыс аяқталғаннан кейін үстелдер, аспаптар, жабдықтар, еденді дезинфекциялық ерітіндіні қолдана отырып сүртеді. Жинау мүкаммалының «таза» және «жұқпалы» аймақтар үшін бөлек таңбасы болады.
4. Жұмыс басталғанға дейін 15 минут бұрын үй-жай мен бокста бактерицидті сәулелендіргіштер және желдеткіштің сору жүйесі қосылады. Боксты жүктеу кезінде желдету ажыратылады. Жұмыс кезінде бокста ауа сору болмаған жағдайда, жұмыс дереу тоқтатылады. Бокс ауасын бактериологиялық зерттеу және сүзгі жұмысын бақылау аптасына бір рет жүргізіледі.
5. Жұмыс басталар алдында БҚБ-ға сору желдеткіші қосылады. Материалды тиеу теріс қысым кезінде жүргізіледі. БББ өтпелерден және әртүрлі әуе ағындарынан алыс жерде орнатылады.
6. Инфекциялық материалды жеткізу металл, герметикалық жабық ыдыста (биксте, бактарда, тоңазытқыш сөмкеде, контейнерлерде) жүзеге асырылады. Сұйық материалдары бар жеткізілетін ыдыстар тасымалдау кезінде ішіндегінің құйылуын болдырмайтын тығындармен жабылады. Материалды орау кезінде бикстер, контейнерлер мен түтікшелер дезинфекциялық ерітіндімен сүртіледі және металл табақтарға қойылады.
7. Инфекциялық материалды себу кезінде түтікшелерде, тостағандарда, сауыттарда материалдың атауы, талдау нөмірі, себу күндері және тіркеу нөмірі жазылған жазбалар көрсетіледі.
8. Бөлме арасында материалды тасымалдау кезінде авария болған жағдайда персонал тасымалданатын сыйымдылықтарды жергілікті жерлерде қалдырып, қауіпті аймақтан кетеді және болған жағдай туралы бөлімше басшысына хабарлайды. Аварияға жол берген адамдар санитариялық өңдеуден өтеді. Авария кезінде үй-жайды өңдеу І типтегі обаға қарсы костюмде жүргізіледі.
9. Барлық қалдықтар «В» сыныбы - төтенше эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар ретінде жіктеледі.
4. ПТР және ИФТ әдістерімен зерттеуді жүзеге асыратын персоналдың жұмысына қойылатын талаптар
1. Персоналдың қолын жуу диспенсордан сұйық сабын беру жолымен жүзеге асырылады және қолды кептіру бір рет қолданылатын қағаз сүлгімен жүргізіледі.
2. Жұмыс аяқталғаннан кейін персоналдың қолы дезинфекциялық ерітіндімен немесе 70 о спиртпен өңделеді.
3. Жұқтырылған материалмен жұмыс істейтін адамдарға жұмыс күнінің соңында дене температурасының термометриясы жүргізіледі.
4. Зертхананың үй-жайларынан оның жұқпалы немесе жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс істеу кезеңінде қорғаныш киімімен шығуға жол берілмейді.
5. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура жоғарылаған кезде зертхана қызметкері ұйым басшысына хабарлайды және жедел жәрдем келгенше дереу оқшауланады.
6. ИФТ диагностикасын жүзеге асыратын зертханалық мамандар COVID-19-ға тестілеуден өтуі тиіс.
7. Жұмыс басталған кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12665 болып тіркелген) Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізіледі.
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 23 қазандағы
№ 57 қаулысына
31-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде экскурсиялық қызметті (туристердің ұйымдастырылған топтары үшін экскурсияны ұйымдастыру) жүзеге асыруға қойылатын талаптар
1. Көлікті дайындау және жолаушыларды (туристерді) тасымалдау
1. Жолаушыларды тасымалдауға арналған автокөлік кейіннен желдетіле отырып, дезинфекциялау құралдарымен (отырғызғанға дейін) салонды өңдеуге жатады.
2. Жүргізушілерді рейс алдындағы тексеру міндетті термометриямен және нәтижені Тапсырыс парағында (туристік (бұдан әрі - туроператорлар) мен көлік компаниялары арасында) тіркеумен жүргізіледі.
3. Жүргізушілер, еріп жүретін адамдар мен туристер көлік құралында, маршруттың жүру жолында медициналық немесе мата маскасында болады.
4. Автобустарда (шағын автобустарда) қолды өңдеу үшін санитайзерлердің қажетті саны белгіленеді, жүргізушілер маскалардың қосымша қорымен қамтамасыз етіледі.
5. Экскурсиялық сапарларды жүзеге асыратын автобусқа жолаушыларды (туристерді) жіберуге отыратын орындардың жалпы санының 75% - ынан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің келісімі бойынша тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешімімен сырқаттанушылық тұрақты төмендеген және жағдай тұрақтанған кезде объектінің жалпы сыйымдылықтағы келушілермен толтырылуы ұлғайтылуы мүмкін.
6. Автобусқа отырғызу алдында міндетті термометрия, сондай-ақ ЖРВИ белгілерінің болуы үшін туристер мен бірге жүретін адамдардың сапарын ұйымдастырушының көзбен шолуы жүргізіледі.
7. Жолаушылар оларды пайдалану регламентіне сәйкес қорғаныш құралдарын ауыстыра отырып, Маска режимін сақтаған кезде ғана қонуға рұқсат етіледі.
8. Ілесіп жүретін адам сапар алдында санитариялық нормаларды сақтау және жолаушылар (туристер) үшін әлеуметтік дистанциялау бойынша міндетті нұсқама өткізеді.
9. Автобустарға (көлікке) туристерді туроператордың тізіліміне сәйкес, толық жүру маршрутын, күні мен уақытын көрсете отырып, көліктің мемлекеттік нөмірін көрсете отырып отырғызу. Бұл ретте, туристер тізілімінде туристер туралы мәліметтер: тегі мен аты, ЖСН, байланыс телефонының нөмірі және міндетті нұсқамадан өткені туралы белгі болуы тиіс.
10. Мыналарға:
1) автобустағы жолаушылар үшін орын ауыстыруға;
2) стихиялық сауда және тамақтану орындарында тоқтауға жол берілмейді.
11. Санитариялық аялдама кезеңінде автобусты дезинфекциялау құралдарымен өңдеу жүргізіле отырып, 3 сағатта кемінде 1 рет желдету жүзеге асырылады.
2. Экскурсиялар кезінде тамақтануды ұйымдастыру
1. Туристерге арналған сусындарды туроператор 1,0 литрден аспайтын қаптамада, жеке қаптамада ұсынады.
2. Өндіруші жасаған және буып-түйген туристке арналған құрғақ азық-түлікке (сэндвич, чиптер, снейкалар, хотдог және басқа да тағамдар) жол беріледі
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 23 қазандағы
№ 57 қаулысына
32-қосымша
COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін жерлеу алгоритмі
Медициналық ұйымда СОVID-19 коронавирустық инфекциясы бар немесе күдікті пациент қайтыс болған жағдайда паталогоанатомиялық ашу жүргізіледі.
Қайтыс болған адамның денесімен жұмыс істейтін медицина персоналы денемен жанасу дәрежесіне қарай денемен және оны қоршаған заттармен жанасқанға дейін және одан кейін қолды гигиеналық өңдеуді қоса алғанда, жеке қорғаныш құралдарын (халат пен қолғап) пайдалануы қажет. Физиологиялық сұйықтықтардың немесе бөлінділердің шашырау ықтималдығы кезінде персонал қорғаныш қалқандарын немесе көзілдіріктерді және медициналық маскаларды қоса алғанда, бетті қорғау құралдарын пайдалануы тиіс.
Бұл ретте денені мәйітханаға тапсыруға дайындау керек, оның ішінде барлық инфузиялық жүйелерді, катетерлерді және басқа түтіктерді шығарып, денеден ағып жатқан барлық сұйықтықтарды оқшаулауды қамтамасыз ету қажет. Сұйықтықтар көп аққан кезде арнайы пакеттерді пайдалануға рұқсат етіледі.
Ашу медициналық ұйымда биологиялық өлім анықталғаннан кейін алғашқы тәулікте жүргізіледі.
Диагнозды, өлімнің себептерін және гистологиялық және зертханалық зерттеудің басқа да түрлеріне биологиялық материалды алу мақсатында қайтыс болған адамның денесі патологоанатомиялық бөлімшеге тасымалданады.
Қалалық және облыстық қоғамдық денсаулық басқармалары COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін патологоанатомиялық зерттеу жүргізілетін патологоанатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдарды анықтайды.
Патологоанатомиялық бөлімшелерде COVID-19 қайтыс болғандарды патологоанатомиялық ашуға, биоматериалды алуға, секциялық залды жинау мен дезинфекциялауға қатысатын барлық қызметкерлердің Т.А.Ә., күндер мен іс-әрекеттерін тіркей отырып, журнал жүргізуді қамтамасыз ету қажет.
Ашу желдетілетін секциялық бөлмеде жүргізіледі, желдету жүйесі сағатына кем дегенде алты еселік ауа алмасуды қамтамасыз етуі тиіс.
Ашуға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарымен персоналдың ең аз саны (бір дәрігер-патологоанатом және екі санитар) қатысады.
COVID-19 күдігі бар адамның қайтыс болу жағдайы анықталған кезде эпидемиологиялық тексеру және осы жағдайға байланысты басқа да іс-шаралар эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, мйіт анықталғаннан кейін дереу жүргізіледі.
COVID-19-ға күдікті қайтыс болған адамның денесі зертханалық зерттеу нәтижелерін алғанға дейін туыстарына берілмейді.
Диагноз күмән тудырған жағдайда:
- мәйітті оқшаулап сақтау жағдайлары болмаған жағдайда (немесе төтенше жағдайлар кезінде) мәйітті жерлеу зертханалық зерттеулердің нәтижелерін күтпестен, эпидемияға қарсы режим талаптарына сәйкес жүргізіледі;
- мәйітті толық оқшаулауды және сақтауды қамтамасыз ету жағдайлары болған кезде жерлеу зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғанға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін;
- СОVID-19-ға зертханалық зерттеудің кез келген түрі оң нәтиже берген жағдайда мәйітті жерлеу биологиялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізіледі;
- COVID-19-ға және басқа да аса қауіпті инфекцияларға зерттеу нәтижесі теріс болған жағдайда мәйіт әдеттегідей жерлеу үшін туыстарына беріледі.
COVID-19-бен ауыратын науқастардың мәйіттерін қарап-тексерумен, тасымалдаумен, жұмыс істеумен және қызмет көрсетумен байланысты барлық адамдар жеке қорғаныш құралдарын (қолғаптар, бетті қорғауға арналған экрандар, сондай-ақ қорғаныш дәрежесі жоғары медициналық маскалар немесе респираторлар (кемінде 2-ші қорғаныш сыныбы немесе FPP2), таза, стерильді емес, ұзын жеңді суға төзімді халатты (немесе суға төзімді бір рет қолданылатын костюм, немесе суға төзімді комбинезон), резеңке етікті немесе қонышы ұзын резеңке бахилаларды (бұдан әрі - ЖҚҚ) пайдаланады.
Сақтау қажет болған жағдайда қайтыс болған адамның мәйітін дезинфекциялау құралына мол суланған жаймаларға орап, содан кейін арнайы бөлінген таңбаланған кассеталық тоңазыту камерасына салу қажет.
COVID-19-дан қайтыс болған науқастың мәйітін жуу прозектурада жүргізіледі. Денені дайындау ең аз адамдардың қатысуымен жүзеге асырылуы керек. Мәйітті жууға тартылған адамдар (3 адамнан артық емес) ЖҚҚ (алжапқышы бар су өткізбейтін халат, көзілдірік, медициналық маскалар, қолғаптар) киеді. Дене сұйықтықтарының шашырауы мүмкін кез келген іс-әрекетті орындау кезінде көзді және ауызды қорғау құралдарын (бетке арналған қорғаныш қалқаны немесе көзілдірік, сондай-ақ медициналық маска) пайдалану керек.
Денені дайындауға балалар, қарттар (60 жастан асқан) және созылмалы патологиясы бар адамдар (тыныс алу аурулары, жүрек-тамыр аурулары, қант диабеті немесе иммундық жүйесі әлсіреген) қатыспауы керек.
Денені дайындауға арналған үй-жайдағы беттер алдымен сабынды сумен немесе өнеркәсіптік өндірістің дайын жуу құралымен өңделеді, содан кейін вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимдері көрсетілген, оларға қоса берілген нұсқаулықтарға сәйкес дезинфекциялау құралымен өңделеді
2 метрден кем емес қашықтықты сақтай отырып, ЖҚҚ (респиратор, бір рет қолданылатын медициналық халат, қолғаптар, бахилалар) пайдалана отырып, қайтыс болған адамның 2 адамнан артық емес туысқандарының жуу кезінде болуына жол беріледі.
Табытсыз көмген кезде (ұлттық әдет-ғұрып бойынша) дезинфекциялау ерітіндісімен жуады және қолданылатын препараттың нұсқаулығына сәйкес шоғырланудағы тиісті вирулицидті (бактерицидті) дезинфекциялау ерітіндісі сіңірілген матаға (саван, «кебін») ораййы. Содан кейін дене полиэтилен пленкамен оралып, тығыз матаға оралады. Жерлеу кезінде саванды ашуға және қайтыс болған адамның бетін ашуға тыйым салынады.
Табытпен көмген кезде (ұлттық әдет-ғұрып бойынша) қайтыс болған адамның мәйіті пайдаланылатын препараттың нұсқаулығына сәйкес шоғырланудағы тиісті вирулицидті (бактерицидті) дезинфекциялау ерітіндісі сіңірілген матаға оралады. Содан кейін дене полиэтилен пленкамен оралып, қайтадан тығыз матаға оралады. COVID-19-дан қайтыс болған адамның мәйіті жерлейтін жерге жабық табытта тасымалданады.
Жерлеу іс-шараларын өткізу үшін (жаназа, арулау және т.б.) туыстарымен қоштасу үшін мәйітті беруге рұқсат етіледі. Діни салтқа тек бір ғана діни қызметкердің қатысуына жол беріледі. Бұл ретте діни қызметші мен туыстары қайтыс болған адамның денесін ұстамайды.
Прозектурадан кейін дене мәйітті тасымалдау және жерлеу кезінде биоқауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндіру және тиісті қолхат алу арқылы қайтыс болған адамның туыстарына жерлеуге беріледі.
Мәйітті тасымалдау және жерлеу кезінде биоқауіпсіздік шараларының сақталуын бақылауды СЭБК АД аумақтық бөлімшесінің маманы, ол болмаған кезде МСАК маманы жүзеге асырады.
Жерлеуге қатысушылар жеке қорғаныш құралдарын (маска, қолғап) пайдалануы тиіс. Жерлеу барысында кем дегенде 2 метр қашықтықты сақтау қажет.
CОVID-19 расталған/немесе ықтимал диагнозы бар қайтыс болған адамның мәйітін көму жеке зират бөлместен жалпы зираттарда жүргізіледі.
Жерлеу аяқталғаннан кейін құрал-саймандар, қорғаныш киімі, көлік қабірдің шетінде тікелей көмілген жерде тиісті шоғырланудағы және экспозициядағы дезинфекциялау құралдарымен зарарсыздандырылады.
Мәйітті көму орнына тасымалдау үшін пайдаланылған көлік нұсқаулыққа сәйкес тиісті шоғырланудағы дезинфекциялау құралдарымен мұқият жуу немесе гидропультпен қарқынды сулау жолымен зарарсыздандырады.
Көлікті дезинфекциялауды (жууды) жүргізетін адамдар жеке қорғаныш құралдарын (қорғаныш халаты, қолғаптар, медициналық маскаларды) пайдалануы қажет.
Көлікті басқа орындарда дезинфекциялауға және көму орнынан зарарсыздандырылмаған құрал-саймандарды, пайдаланылған қорғаныш киімдерін және мәйітті тасымалдау мен көмуге пайдаланылған басқа да заттарды әкетуге жол берілмейді.
Қайтыс болған адамды басқа қалалар мен жерлерге тасымалдауға ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің келісімі бойынша рұқсат етіледі.
Елдің аумағында СОVID-19-дан шетел азаматтары қайтыс болған жағдайда мәйітті тасымалдау және оны көму бойынша барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 23 қазандағы
№ 57 қаулысына
33-қосымша
COVID-19-ға тестілеу алгоритмі
І. Иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) принциптеріне негізделген иммундық-хроматография әдісімен жедел тестілеу
1. Жалпы ережелер
1. COVID-19 жедел тестілеу SARS-CoV-2 коронавирусына IgG/IgM сыныпты антиденелерді анықтай отырып, иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) принциптеріне негізделген иммундық-хроматография әдісімен орындалады.
2. SARS-CoV-2 коронавирусына IgG/IgM сыныпты антиденелерді анықтауға арналған материал капилляр қанының сынамасы болып табылады.
3. COVID-19-ға жедел тестілеуге жататын адамдар (анамнезінде ағымдағы жылғы ақпаннан бастап суық тию ауруымен ауырып сауыққан адамдар):
1) теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдар, жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер, сондай-ақ транзиттік жүргізушілер;
2) COVID-19 таралуының алдын алу бойынша іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері (Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Кеден қызметі, әкімдіктердің қызметкерлері және басқалар);
3) карантиндік өңірлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың (коммуналдық қызметтің, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді сататын сауда объектілерінің, жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану объектілерінің, көлік, ПМК, дезинфекция қызметтерін көрсететін объектілердің қызметкерлері және т.б.) қызметкерлері эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша;
4) ауыр созылмалы ауруына байланысты жедел амбулаториялық консультацияға мұқтаж пациенттер медициналық ұйым басшысының тізімі бойынша, сондай-ақ шұғыл көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызылған пациенттер;
5) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес жүргізіледі.
4. Жедел тестілеу үшін пациенттер сәйкестендіру деректерін, тіркеу жүйесінде денсаулық жағдайына шағымдарды көрсетіле отырып, ЭДСРО АЖ-да тіркеу рәсімінен өтеді немесе медицина қызметкері өз бетінше ЭДСРО АЖ-ға енгізеді.
5. ЭДСРО АЖ-дан деректерді талдауды және өңдеуді ҚДСҰО жүргізеді және осы Алгоритмнің 3 және 4-тармақтарын ескере отырып, кейіннен материалды алу пункттері (БАП) бойынша бөліп, тестілеу өткізілетін орны, күні туралы ақпараттандыра отырып, жедел тестілеуге жататын адамдардың тізімін қалыптастырады.
6. Жедел тестілеу:
1) стационарда төсек жанында тестілеу кезінде (РОСТ);
2) арнайы бөлінген және жабдықталған автомобильдерде;
3) жедел медициналық көмек бригадалары немесе үйге жылжымалы мобильді бригадалар;
4) арнайы палаткаларда немесе мобильді сынама алу пункттерінде (АП немесе мобБАП);
5) автомобиль және теміржол өткізу жолдарында (өткізу пункттерінде);
6) осы зерттеуді ғана орындайтын арнайы бөлінген және жарақтандырылған биоматериалдарды алу пункттерінде орындалады.
7. Медицина персоналына өз бетінше тестілеуге рұқсат етіледі.
8. Биоматериалдың сынамасын алуды оқытылған медицина қызметкері ЖҚҚ-ны (медициналық маска, қалпақшалар, бір рет қолданатын қолғаптар, қажет болған жағдайда бетті қорғауға арналған экрандар немесе көзілдірік, таза, стерильді емес, бір рет қолданылатын ылғалға төзімді халат) пайдалана отырып жүзеге асырады.
9. Биоматериал сынамасын алуға және тестілеуді өткізуге арналған құрал-саймандар мен материалдар:
1) капилляр қанын алуға арналған бір рет қолданылатын стерильді тамшуырды және буферлік ерітіндіні қамтитын жедел тест;
2) спиртті сулықтар;
3) бір рет қолдынылатын скарификатор.
10. Ауысымда биоматериалды бірінші алу алдында БАП медперсоналы қолғаптардан басқа ЖҚҚ киеді, қолды бекітілген қол жуу алгоритміне сәйкес мұқият жуады, оларды антисептикпен өңдейді және таза бір рет қолданылатын қолғап киеді.
11. Әрбір биоматериал сынамаларын іріктеу алдында медицина қызметкері бекітілген қол жуу алгоритміне сәйкес қолын мұқият жуады және таза бір рет қолданылатын қолғаптар киеді, іріктеуді ЖҚҚ-да жүзеге асырады.
2. Қан алу және тестті жедел әдіспен орындау
12. Қан алу алдында медицина қызметкері тестті орындауға қажетті құрал-саймандар мен материалдарды - скарификаторды, екі спиртті сулықты, тест жолақтарын, буферлік ерітіндіні дайындайды.
13. Тест-жолақтар қаптамадан алынады.
14. 4-ші саусақтың дистальды фалангасы спиртті сулықпен өңделеді.
15. Бір рет қолданылатын скарификатормен тесіледі, капилляр қанының үлгісі стерильді бір рет қолданылатын тамшуырдың (жиынтыққа кіретін) көмегімен алынады және жедел тест ұяшығына орналастырылады. Бұдан әрі осы ұяшыққа жиынтыққа кіретін буферлік ерітіндінің 2 тамшысы қосылады.
16. Спиртті сулықпен тесілген орын өңделеді, қажет болған жағдайда пациент қан кету толық тоқтағанға дейін оны тесу орнына қысып ұстайды.
17. Белгіленген экспозиция уақыты өткеннен кейін тестілеуді орындайтын адам нәтижені оқуды жүргізеді. Әдетте, экспозиция уақыты 15 минутты құрайды, бірақ бұл уақыттың қолданылатын тест-жүйелерге байланысты айрмасы болуы мүмкін.
18. Экспозиция уақыты таймермен белгіленеді. Экспозиция уақытын арттыруға жол берілмейді, себебі бұл жағдайда нәтиже валидті болмауы мүмкін!
19. Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері пайдаланылған скарификаторды «В» сыныпты медициналық қалдықтарға арналған ҚЖКҚ-на, пайдаланылған тест жолақтарды, тамшуырды, спиртті сулықтарды салады және пайдаланылған қолғаптарды «В» сыныпты медициналық қалдықтарға арналған сыйымдылыққа кәдеге жаратады.
20. Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері жұмыс беткейлерін (үстел, орындықтар немесе кушеткалар және т.б.) дайын дезинфекциялау ерітінділерімен «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндісін еріту режимі бар қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау режимін сақтай отырып өңдейді.
21. Күніне 2 реттен кем емес дезинфекциялау ерітіндісін қолдана отырып, «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндісін еріту режиміне сәйкес үй-жайларды ылғалды жинау (үйге шығудан басқа) және белгіленген тәртіпке сәйкес кварцтау жүргізіледі, кейіннен үй-жайды кемінде 15 минут желдетеді.
22. Жұмыс аяқталғаннан кейін медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешеді, оларды «В» сыныпты қалдықтарға арналған сыйымдылыққа салады.
23. ЖҚҚ-ны шешкеннен кейін медицина қызметкері қол жуу алгоритміне сәйкес қолын сабынмен жылы сумен мұқият жуады, оларды антисептикпен өңдейді.
24. Ауысым аяқталғаннан кейін үй-жайларда (автомобильді) «вирустық инфекциялар кезінде» дезинфекциялау ерітіндісін еріту режимімен және белгіленген тәртіпке сәйкес кварцтау жүргізеді, кейіннен үй-жайларды (автомобильді) кемінде 15 минут желдетеді.
3. Нәтижені алу кезіндегі түсіндіру және іс-әрекеттер
| | | |
25. Зерттеу нәтижесін түсіндіру:
1) оң IgM - антиденелердің болуы, инфекцияның жіті кезеңі;
2) оң IgG - антиденелердің болуы, ауырып сауыққан;
3) оң IgM және IgG - жіті сатыдан ауырып сауыққан инфекция жағдайына өту;
4) оң C (бақылау) - реакцияның болу индикаторы, теріс нәтиже;
5) теріс С (бақылау) - үлгінің жеткіліксіз көлемі немесе тестілеу техникасының бұзылуы. Нәтиже есепке алынбайды.
26. IgM жедел тестінің оң нәтижесін алған кезде зерттеу жүргізген маман: