«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 Қаулысы (күші жойылды)

Предыдущая страница

1) тестіленуші адамды COVID-19-ға күдіктің бар екендігі туралы хабардар етеді және қайтадан жедел тестілеу өткізеді;

2) қайтадан оң IgM алынған кезде медициналық ұйым басшысына немесе жауапты адамға оң нәтижелі пациент туралы хабарлайды, ол 2 сағаттың ішінде ҚР ДСМ СЭБК аумақтық департаментін хабардар етеді;

3) қайтадан оң IgM нәтиже алынғаннан кейін дереу ПТР зерттеуге биоматериал алуды жүргізеді және пациентке ПТР тестілеу нәтижелерін алғанға дейін өзін-өзі оқшаулау қағидаларын сақтай отырып, үйде қалуға кеңес береді;

4) ПТР тестілеудің оң нәтижесін алған кезде пациент инфекциялық ауралар стационарына жатқызылады, теріс нәтиже алған кезде 14 күнге үй карантиніне жіберіледі және қоңырау шалу (мүмкіндігінше бейнеқоңырау шалу) арқылы тұратын (болатын) жері бойынша медициналық бақылауға алынады.

27. IgG жедел тестінің оң нәтижесін алған кезде:

1) жедел тестінің оң нәтижесін алған кезде зертханалық қызметкер тестілеу үшін биоматериал тапсырған тексерілген адамға жұқтырылған инфекцияны көрсететін антиденелердің болуына күдіктің болуы туралы хабарлайды;

 2) медициналық ұйымның басшысы немесе дәрігер-эпидемиологы АД-ға зерттеу нәтижесі туралы хабарлайды.

28. Теріс нәтиже алған кезде (IgM және IgG анықталмаған) тексерілген адамға COVID-19-дың болмау ықтималдығы жоғары екендігі және қорғанудың профилактикалық шараларын сақтау қажеттілігі туралы хабарланады.

29. Барлық нәтижелер міндетті түрде ЭДСРО АЖ-ның қосымшасында тіркеледі.

 

ІІ. ИФТ әдісімен тестілеу

 

1. ИФТ әдісімен тестілеу зерттеу хаттамасына сәйкес COVID-19 жаңа коронавирустық инфекцияға ұжымдық иммунитетті анықтауға эпидемиологиялық қадағалау жүргізу кезінде эпидемиологиялық қадағалау мақсатында жүргізіледі.

2. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған материал - бұл қан сарысуы.

3. Биоматериалды іріктеуді денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкері эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады.

4. Материалды алу кезінде ЖҚҚ пайдаланылады.

5. Қан үлгілері медицина қызметкерінің жұмыс орны бойынша (медициналық ұйымда, провизорлық стационарларда және т. б.) және МСАК деңгейінде серо-эпидемиологиялық зерттеу жүргізу кезінде алуға арналған бір рет қолданылатын құралдарды (бөлгіш гелі және ұйыту активаторы (сары қақпақ) бар вакутейнер, ұстаушы, ине) қолдана отырып алынады;

6. Пациенттің қан сарысуы бар шыны түтік науқас туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен қоса жүреді: пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алған күні және симптомдары, келген елі, науқаспен байланыс.

7.Қан сарысуы бар шыны түтік биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып центрифугаланады. Сарысуды аликвотирлеуге жол берілмейді!

8. Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде тоңазытқышта сақтау қажет.

9. Пациенттен алынған үлгілерді ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптама талаптарын сақтай отырып, ҰСО филиалының зертханасына немесе COVID-19-ға тестілеу үшін айқындалған басқа зертханаға тасымалдау керек.

10. Зертханаларда COVID-19 антиденелерін ИФТ (ИХЛ/ЭХЛ) әдісімен ҚР-да диагностика жүргізу үшін тіркелген және рұқсат етілген тест-жүйелерді қолдана отырып анықтау жүргізіледі.

11. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған тестілеу аяқталғаннан кейін жіберген ұйымға зерттеу нәтижелерін беру және жіберген ұйымға және т.б. зерттеу нәтижелері туралы хабарлау жүргізіледі.

12. Тестілеуді жүргізетін зертханалар СЭБК -ге белгіленген нысан мен жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаты туралы есептілікті ұсынады.

13. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы жекелеген жағдайларда көрсетілімдер бойынша және СЭБК-мен келісім бойынша жіберген ұйымға зерттеу нәтижесін ұсына отырып, ИФТ (ИХЛ/ЭХЛ) әдісімен үлгілерді референс тестілеу және референс тестілеу нәтижелері туралы аумақтық СЭБКД--ға хабарлауды жүргізеді.

14. Референттік тестілеуге жіберілген үлгілер науқас туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен қоса жүреді: пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алған күні және симптомдары, келген елі, науқаспен қарым-қатынасы, басқа зертханаларда алынған зерттеу нәтижесі (бар болса) және т. б.

15. Референттік тестілеуге жіберілген үлгілерді ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптаманың талаптарын сақтай отырып, ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалына тасымалдаған жөн.

16. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған референс тестілеу аяқталғаннан кейін жіберген ұйымға зерттеу нәтижелерін беру және жіберген ұйымға және т. б. референс тестілеу нәтижелері туралы хабарлау жүргізіледі.

 

ІІІ. ПТР әдісімен тестілеу

 

1. CОVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеу медициналық ұйымның немесе СЭБК-департаментінің аумақтық бөлімшесінің жолдамасы бойынша жүргізіледі. ПТР әдісімен тестілеуге мыналар жатады:

1.1.Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша:

1) COVID-19-бен провизорлық және инфекциялық стационарға жатқызылған адамдар;

2) ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастар;

3) COVID-19-бен жақын қарым-қатынаста болған адамдар;

4) респираторлық симптомдары және COVID-19-ға ұқсас басқа белгілері бар медицина қызметкерлері.

1.2. Профилактикалық мақсатта:

1) Теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарда Мемлекеттік шекараны өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтар;

2) Шетелден авиарейстермен келетін адамдар;

3) респираторлық симптомдары және COVID-19-ға ұқсас басқа да белгілері бар медицина қызметкерлері;

4) жиын пункттерінде мерзімді әскери қызметке шақырылатын тұлғалар және әскери бөлімге келуі бойынша жас толықтырушылар.

 1.3. Эпидемиологиялық қадағалау мақсатында:

 1) стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттер;

 2) шұғыл емдеуге жатқызу кезінде пациенттер;

 3) клиникалық хаттамаға сәйкес жүкті әйелдер және жаңа туған нәрестелер;

 4) жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелер;

 5) ҚАЖ мекемелеріне түсетін адамдар (тергеуге алынғандар, айыпталушылар, сотталғандар);

 6) медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түсетін адамдар, ресімдеу кезінде бір рет;

 7) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес жүргізіледі.

1.4. COVID-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес клиникалық көрсетілімдер бойынша адамдар.

2. COVID-19-ды анықтау үшін материал аңқа мен мұрын жұтқыншақтан бөлінетін сынама, транстрахеалдық, мұрын жұтқыншақ аспираты, мұрын шайындысы, қақырық болып табылады.

3. Биоматериал сынамасын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының (санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, МСАК, стационарлар қызметкерлері) медицина қызметкері жүзеге асырады.

4. Материалды жинау кезінде ЖҚҚ қолданылады.

5. Жағындылардың үлгілері пластикалық өзектегі синтетикалық материалдан (мысалы: полиэстер немесе дакрон) жасалған жасанды аппликаторы бар стерильді тампонның көмегімен тестіленушінің орналасқан жері бойынша (үйде, медициналық ұйымда, провизорлық стационарларда, жұмыс орны бойынша) алынады.

6. Бір науқастан вирустық тасымалдау ортасы бар бір түтікке аңқа мен мұрыннан (2 тампоннан) алу қажет.

7. Пациенттен алынған үлгі науқастың тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алу күні және симптомдары, келген елі, науқастармен байланыс туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді.

8. Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде тоңазытқышта сақтау қажет.

9. ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптаманың талаптарын сақтай отырып, пациенттен алынған үлгілерді ҰСО филиалының зертханасына немесе басқа зертханаға тасымалдау керек.

10. Зертханаларда нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісімен COVID-19-дың спецификалық диагностикасы жүргізіледі.

11. COVID-19-ға тестілеу аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелерін жіберген ұйымға беру және зерттеу нәтижелері туралы жіберген ұйымға және АД-ға хабарлау жүргізіледі.

12. Оң нәтиже анықталған жағдайда қосымша АБ-ға шұғыл хабарлама ресімделеді.

13. Тестілеу жүргізетін зертханалар СЭБК -не белгіленген нысанға және жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаты туралы есеп береді.

14. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы жекелеген жағдайларда көрсетілімдер бойынша жіберген ұйымға зерттеу нәтижесін ұсына отырып, үлгілерге ДДҰ валидациялаған тест-жүйелерінде ПТР реал-тайм әдісімен референттік тестілеу және референттік тестілеудің нәтижелері туралы аумақтық СЭБК -не хабарлауды жүргізеді.

15. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы СОVID-19-ға зертханалық зерттеу сапасын қамтамасыз ету мақсатында ISO 17043-2013 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» ISO 17043-2013 талаптарына, сондай-ақ ДДҰ-ның Сапаны сыртқы бағалау ұлттық бағдарламаларын ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдарына сәйкес үлгілерді қайта тестілеуге және зертханааралық салыстыру сынақтарына (кәсіптік тестілеуге), оның ішінде ДДҰ-мен ынтымақтастықтағы зертханамен салыстыруға жіберген зертханаға есеп бере отырып, өткен айдағы 20 оң үлгіге қайта тестілеу (сапаны сыртқы бақылау нысаны) жүргізеді.

16. Қайта тестілеуге жіберілген үлгілер бекітілген нысан бойынша жолдамамен қоса беріледі (сілтеме).

17. Қайта тестілеуге жіберілген үлгілерді ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптама талаптарын сақтай отырып, ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалына тасымалдау керек.

18. Сапаны сыртқы бағалау (тестілеу, зертханааралық салыстыру сынақтары (кәсіптік тестілеу) тестілеуді эпидемиологиялық мақсатта, профилактикалық мақсатта және эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде жүзеге асыратын зертханалар үшін өткізіледі.

19. Халықтың жабық ұйымдастырылған топтарында халықты тестілеу топтарын кеңейту қажет болған жағдайда пулға диагностикалық тестілеуді біріктіру жолымен скринингтік зерттеулер жүргізуге жол беріледі.

20. Талдаудың сезімталдығын төмендетуге жол бермеу мақсатында халықтың скринингі үшін пулға диагностикалық тестілерді біріктіру 3-5 үлгіден артық емес ерітуде тестілеуді біріктіруге жол беріледі.

21. Зертханалық скрининг кезінде диагностикалық тестілеу жүргізу және пулға біріктіруді кеңейтуді қатаң түрде валидацияланған әдістеме және сезімталдықтың төмендеуіне жол бермеу негізінде жүргізу керек.

21. Диагностикалық тесттерді нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісімен талдау жүргізу кезінде ғана пулға біріктіруге жол беріледі.

22. Пулирлеу биологиялық қауіпсіздік талаптары, үлгілерді вортекстеу және пулды 500 мкл көлемінде қалыптастыру және пулды тиісті сәйкестендіру рәсімдері сақтала отырып жүргізіледі.

23. Диагностикалық пулда оң нәтижелер алынған жағдайда пулға біріктірілген әрбір үлгінің жеке диагностикасы жүргізіледі.

 

ІV. SARS CoV-2 вирустарының молекулалық-генетикалық мониторингі

1. Патогендердің генетикалық вариабелділігін, олардың таралуын және пайда болуын мониторингілеу үшін екінші буынды секвенирлеу әдісін пайдалану, диагностикалық тесттерді қоса алғанда, медициналық контрмерлердің тиімділігіне әсер етуі мүмкін.

2. Вирусты толық геномды секвенирлеу ҚР ДСМ айқындаған зертханаларда жүргізіледі.

3. Секвенирлеу нәтижелері ҚР ДСМ-ге жіберіледі және COVID-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалау және емдеу бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 23 қазандағы

№ 57 қаулысына

34-қосымша

 

 

І. Инфекция жұқтырудың алдын алу мақсатында

COVID-19 бойынша іс-шараларды өткізуге тартылған медицина қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмі

 

COVID-19 контагиоздылығының жоғары болуына және жеткіліксіз зерделенуіне байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтауды қамтамасыз ету қажет.

1. Респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері әлеуетті жұқтырғандар (инфекция көзі) ретінде қарастыруы тиіс. Осы қаулыға 3- қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану керек.

2. Ауруханаларда COVID-19 пациенттерін күтуді қамтамасыз ететін медицина қызметкерлері мен кіші медицина персоналы медициналық ұйым басшысының бұйрығымен айқындалады.

3. Медицина қызметкерлері мен кіші медицина қызметкерлері COVID-19-бен ауыратын науқасты күту және емдеу кезінде инфекциялық бақылау мәселелері бойынша нұсқаулықтан өтеді.

4. Инфекциялық және провизорлық стационарларда тәжірибелі медицина қызметкерлері қатарынан әрбір бөлімшеде (бөлімше, блок, қабат) қызметкерлердің қауіпсіздік шараларын (маскалық режим, қол гигиенасы, ЖҚҚ-ны уақтылы ауыстыру), бөлімшеде, блокта, қабатта эпидемияға қарсы режимді сақтауға жауапты адамды тағайындау қажет, ол сондай-ақ қорғаныш құралдарын киюдің дұрыстығын мұқият тексереді және шыны арқылы шығарда оларды алудың дұрыстығын бақылайды, персоналдың лас аймаққа кірер алдында белгілермен түсіндіріледі.

5. Медицина қызметкерлеріне күн сайын сұрау жүргізу және дене температурасын күніне 2 рет өлшеу арқылы бөлімшенің жауапты медицина қызметкері бақылау журналына тіркей отырып, тұрақты медициналық бақылау белгіленеді.

6. Науқастарға немесе СОVID-19-ға күдікті адамдарға медициналық көмек көрсету және ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде (көрсетілетін медициналық көмек түріне байланысты ЖҚҚ пайдаланбау немесе қорғаныш деңгейінің сәйкес келмеуі) медицина персоналының және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының бұзу фактілері анықталған жағдайда, мынадай шараларды қолдану қажет: соңғы байланыста болғаннан кейін зертханалық зерттеуге материал алу, медициналық бақылауды ұйымдастыру, күнделікті термометрия жүргізу арқылы 14 күнге жұмыстан шеттету және үйде немесе стационарлық карантинге оқшаулау. Оң нәтиже болған жағдайда емдеуге жіберіледі. Теріс нәтиже болған жағдайда үй карантинінде болады және теріс нәтижесі бар қайтадан зертханалық тексеруден кейін 14 күннен соң жұмысқа жіберіледі.

7. Жеке қорғаудың барлық шараларын сақтаған жағдайда науқасқа немесе СОVID-19-ға күдікті адамдарға медициналық көмек көрсеткен медицина қызметкерлері және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде жұмыс кестесіне сәйкес өздерінің лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады.

8. COVID-19 жағдайымен жақын байланыста болғандар арасындағы COVID-19-ға зерттеуді жүзеге асыратын зертханалардың қызметкерлері байланыс анықталғаннан бастап бірінші күні COVID-19-ға ПТР әдісімен тексеріледі. ПТР әдісімен жүргізілген COVID-19-ға хертханалық тексеру қорытындысы теріс болған жағдайды инфекциялық қауіпсіздік және ЖҚҚ қолдану талаптарын қатаң сақтай отырып, өздерінің лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады.

9. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура жоғарылаған кезде медицина қызметкері немесе кіші медицина персоналы медициналық ұйымның басшысын хабардар етеді және дереу оқшауланады және провизорлық стационарға орналастырылады.

10. Инфекциялық емес бейіндегі стационарларда COVID-19 тіркелген кезде медицина қызметкерлерін оқшаулау және бақылау принципі осы қосымшаның 6,7 және 8-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

11. COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары медицина қызметкерлері осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға тестілеуден өтуі тиіс.

12. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Стационардың барлық аумағы (үй-жайлар, бөлімшелер, блоктар және т.б.) шартты түрде «таза» және «лас» аймақтарға бөлінеді.

13. Барлық медициналық ұйымдарда пациенттермен жұмыс істеу кезінде «таза» және «лас» аймақтардың персоналы арасында байланыссыз өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қажет.

14. Лас аймақта персонал осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-да тұрақты жұмыс істейді.

15. Әрбір ауысым басқа ауысымнан оқшаулауда ұсталады. Бұл іс-шара әр түрлі ауысымдарда медицина қызметкерлерін жұқтырудың алдын алуға, қызметкерлердің ауруханаішілік инфекцияның таралуының алдын алуға, сондай-ақ оның халық арасында таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.

16. Қажет болған жағдайда, арнайы мамандармен пациенттерге консультация беру және қарау барынша қашықтықтан жүргізілуі қажет.

17. Қабылдау бөлімінде келіп түсетін науқастардан зертханалық зерттеу үшін материал алынады.

18. Пациентті қабылдағаннан кейін үстіңгі беткейлерді - үстел, қалқа, кушетка, орындықтар, есік тұтқалары, жиһаз заттары және пациентпен тікелей байланыста болған медициналық мақсаттағы бұйымдарды өңдеу жүзеге асырылады.

19. Науқастарға арналған бөлімшеде науқастарды қабылдау мерзімдері, клиникалық нысандары және аурудың ауырлық дәрежесі бойынша бөлек орналастыру үшін палаталар көзделуі тиіс.

20. Аурухана төсектері бір-бірінен кемінде 1 м қашықтықта орналастырылады.

21. Инфекциялық аурулар стационарында палаталық бөлімшенің негізгі құрылымдық бірлігі палата емес, бокс, жартылай бокс немесе боксталған палата болуы мүмкін. Бокстарда науқастарды толық оқшаулау қарастырылған, олар 1-2 төсекке жоспарланады.

22. Науқас шығарғанға дейін бокста болады және одан тамбурмен сыртқы шығу жолы арқылы шығады (бар болса). Персонал арнайы киімді ауыстыру, қолды жуу және дезинфекциялау жүргізілетін шлюз арқылы инфекциялық емес дәлізден бокстарға кіреді.

23. Жартылай бокстарда бокстарға қарағанда, сыртқы шығу жолы болмайды. Жартылай боксталған бөлімшенің режимі науқастардың санитариялық өткізгіштер арқылы бөлімшенің жалпы дәлізінен жартылай бокстарға түсетіндігімен ерекшеленеді.

24. Күнделікті мұқият ағымдық дезинфекция жүргізіледі, науқастарды шығарғаннан кейін - қорытынды дезинфекция жүргізіледі.

25. Науқастарға арналған тамақ «таза» блоктың кіретін асүй ыдысына жеткізіледі және онда асүй ыдысынан буфет госпитальінің ыдысына салынады. Буфет тамағына бөлімше ыдысына салынады және үлестіру бөлімшесіне жіберіледі, онда порциялар бойынша бөлінеді және палаталар бойынша таратылады. Бөлімшеге тамақ келіп түскен ыдыс зарарсыздандырылады, содан кейін ыдысы бар сыйымдылық буфеттік ыдысқа беріледі, онда оны жуады және келесі таратқанға дейін сақтайды. Тарату орны тамақ қалдықтарын зарарсыздандыру үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталады. Жеке ыдыс әрбір тамақ ішкеннен кейін зарарсыздандырылады.

26. Қызметкерлерге жұмыс істеген уақыттан кейін лас аймаққа қайта кіруге тыйым салынады.

27. Лас аймаққа медициналық бұйымдарды, дәрі-дәрмектерді, қан препараттарын, құрал-саймандарды, іш киімдерді, пациенттерге арналған тамақ құжаттарын және т. б. жеткізуге жауапты қызметкерлерді анықтау қажет.

28. Дәрі-дәрмектерді, емделушілерге тамақтануды және басқа да заттарды «лас» аймаққа беру ең аз инфекциялық қауіп-қатермен жүзеге асырылады. Берілетін заттарды «таза» аймақтың қызметкері шлюз үстелінде қалдырады және есікті таза жағынан жабады. Шлюзді таза аймақтан жапқаннан кейін «лас» аймақтың қызметкері шлюз есігін лас жағынан ашады, заттарды алады және есікті жабады.

29. «Лас» аймақтан шығарылатындардың барлығы вирустық инфекция режимі бойынша дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңделеді.

30. Зарарсыздандырылған медициналық қалдықтар медициналық қалдықтармен жұмыс істеуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес кәдеге жаратылады.

31. Жалпы кәрізге ағызар алдында сарқынды суларды алдын ала зарарсыздандыру үшін кәріздік септик болуы қажет.

32. COVID-19-ға күдікті науқастарды тасымалдауды мынадай қауіпсіздік талаптары сақталған жағдайда жүзеге асыру қажет:

1) СОVID-19 жаңа коронавирустық инфекцияға күдікті пациентке шақыруды орындайтын жедел медициналық жәрдем бригадасының медицина қызметкерлері шығар алдында тікелей жеке қорғаныш құралдарын киеді. Жеке қорғаныш құралдары әр науқастан кейін ауыстырылады;

2) жедел медициналық жәрдем бригадасының жүргізушісі жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі;

3) салон COVID-19 жаңа коронавирустық инфекцияға күдікті пациенттің биологиялық материалымен ластанған жағдайда, ластану орындары дереу зарарсыздандырылады;

4) жедел медициналық жәрдем бригадаларының жүргізушісі мен медицина қызметкерлері пациентті медициналық ұйымға бергеннен кейін белгіленген орындарда аяқ киімді, қолды жеке қорғаныш құралдарын дезинфекциялауға міндетті;

5) COVID-19 жаңа коронавирустық инфекцияға күдікті пациентті медициналық ұйымға медициналық эвакуациялау аяқталғаннан кейін жедел медициналық жәрдем автомобилі және медициналық эвакуация кезінде пайдаланылған заттар арнайы жабдықталған алаңда арнайы медициналық ұйымның аумағында дезинфекторлардың күшімен зарарсыздандырылады;

6) жедел медициналық жәрдем автомобилінің салонына дезинфекция жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, медициналық ұйым аумағында дезинфекторлардың күшімен дезинфекцияны жедел медициналық жәрдем бригадасының жүргізушісі және медицина қызметкерлері жүргізеді;

7) жедел медициналық жәрдем автомобилінің салонында дезинфекциялау салонының барлық беткейлеріне, оның ішінде медициналық бұйымдардың беткейлеріне жүргізіледі;

8) беткейлерді өңдеу дезинфекциялық ерітіндіге батырылған шүберекпен немесе дезинфекциялық ерітіндіні бүрку жолымен суландыру тәсілімен жүргізіледі;

9) экспозициядан кейін дезинфекциялық ерітіндіні таза сумен жуады, кейіннен дезинфектант иісі жойылғанға дейін желдетіле отырып, құрғақ шүберекпен сүртеді;

10) медициналық көмек көрсету кезінде пайдаланылған бір рет қолданылатын жеке қорғаныш құралдары, жинау шүберектері пакеттерге жиналады және медициналық ұйымның аумағындағы В сыныбының қалдықтарына арналған арнайы контейнерлерге салады;

11) жедел медициналық жәрдемнің мамандандырылған көшпелі бригадасының жүргізушісі мен медицина қызметкерлері шақыруды орындағаннан кейін дененің ашық жерлерін тері антисептигімен сүртуді қамтитын санитариялық өңдеуден өтуге міндетті.

 

ІІ. Барлық медициналық ұйымдардағы инфекциялық қауіпсіздік

33. Денсаулық сақтау ұйымдарында:

1) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қорғау деңгейі бар ЖҚҚ;

2) санитариялық тораптарды сұйық сабынды дозаторлармен, электр кептіргіштермен немесе бір рет қолданылатын қағаз сулықтармен, пайдаланылған маскалар мен сулықтарды жинауға арналған педальмен жабдықталған қоқыс жәшіктерімен қамтамасыз ету;

3) антисептиктердің, дезинфекциялық құралдардың жеткілікті санымен қамтамасыз ету;

4) барлық үй-жайларды үнемі желдету, адамдар болғанда ауаны зарарсыздандыруды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы құрылғыларды пайдалану;

5) санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қажет.

34. Респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері ықтимал жұқтырғандар (инфекция көзі) ретінде қарастыруы тиіс. Осы қаулыға 3- қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану керек.

35. Медицина қызметкерлеріне күн сайын сұрау және дене температурасын өлшеу арқылы бөлімшенің жауапты медицина қызметкері бақылау журналына тіркей отырып, күніне 2 рет тұрақты медициналық бақылау белгіленеді.

36. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура жоғарылаған кезде медицина қызметкері немесе медициналық ұйымның кез келген басқа қызметкері медициналық ұйымның басшысын хабардар етеді, дереу оқшауланады, COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді.

37. Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлерінің стационар бөлімшелерінде қозғалысын шектеу қажет.

38. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда аумақта және ғимаратта сүзгіге тиісті көрсеткіштермен кіреберісте сұрыптауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажет. СОVID-19-ға ұқсас белгілері бар пациент анықталған кезде оны арнайы бөлінген бөлмеге оқшаулауды қамтамасыз ету және жедел медициналық жәрдемді шақыру қажет.

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 23 қазандағы

№ 57 қаулысына

 35-қосымша

 

COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдар үшін оқшаулау және байланыста болған адамдарды тасымалдау тәртібі

 

 І. COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдарды оқшаулау тәртібі

1. COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдар тәуекел дәрежесіне байланысты жақын және ықтимал байланыс болып бөлінеді. COVID-19 расталған жағдайының жақын байланысы:

- COVID-19 жағдайымен бір тұрғын үйде бірге тұратын адам;

- COVID-19 науқасымен немесе COVID-19 жағдайының инфекциялық бөлінділерімен қорғалмаған тікелей байланыста болған адам (мысалы, жөтелу, қол алысу кезінде және т.б.);