«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 Қаулысы (күші жойылды)

Предыдущая страница

- COVID-19 жағдайымен 15 минуттан және одан артық уақыт жабық үй-жайда бірге болған адам (мысалы, сынып, кеңес өткізуге арналған бөлме, ауруханадағы күту бөлмесі және т.б.);

- COVID-19 жағдайына тікелей күтімді қамтамасыз ететін медицина қызметкері немесе басқа да адам немесе ұсынылған ЖҚҚ-сыз не ЖҚҚ-ны қолдануды бұзу мүмкіндігімен COVID-19 жағдайының биоүлгілерімен жұмыс істеген зертхана мамандары;

- ұшақта, қалааралық қатынастағы автобуста, поезда, COVID-19 жағдайынан кез келген бағытта екі орындық арақашықтықта болған байланыста болған адам, сондай-ақ COVID-19 науқасы ұшқан ұшақтың секциясына қызмет көрсеткен экипаж мүшелері ретінде айқындалады.

 Жақын байланыста болғандарды анықтау үшін эпидемиологиялық байланыстарды тергеп-тексеру кезеңі COVID-19 жағдайында симптомдар пайда болғанға дейін 48 сағат бұрын басталуы және COVID-19 жағдайын оқшаулау сәтімен аяқталуы тиіс.

 2. Шетелден келген дене температурасы жоғары адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижесі бар адамдар тиісті қолхат ала отырып, COVID-19-ға ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі.

 3. СОVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған (жақын байланыс) адамдар 14 күнге үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады.

 Оқшаулаудың 3-ші және 12-ші күні байланыста болған адамға (жақын байланыс) COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексеру жүргізіледі.

 Оқшаулаудың 12-ші күні алынған ПТР зерттеу нәтижесі теріс болған жағдайда 14 күн өткеннен кейін карантин және оқшаулау аяқталады. ПТР нәтижелері оң болған жағдайда оқшаулаудың 14-ші күні клиникалық симптомдар болмаған жағдайда, МСАК маманы COVID-19 алдын алу шараларын сақтау қажеттілігі туралы ұсыныстар береді (медициналық масканы, антисептиктерді пайдалану, қол гигиенасы, әлеуметтік қашықтық).

 4. Симптомсыз вирус тасымалдаушылық кезінде пациент осы қаулыға 36-қосымшаға сәйкес оқшаулау жағдайлары болған кезде COVID-19 науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 14 күнге амбулаториялық жағдайда медициналық бақылауға және үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. Бекітілген алгоритмге сәйкес қауіп факторлары болған және үйде оқшаулау үшін жағдайлар болмаған кезде емдеуге жатқызу туралы шешімді МСАК маманы әрбір жағдайда жеке қабылдайды.

 Учаскелік терапевт күн сайын коронавирустық инфекцияның клиникалық симптомдарының болуына үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыға қоңырау шалуға міндетті.

 COVID-19 науқастарымен соңғы байланыста болған сәттен бастап 14 күн ішінде клиникалық симптомдар болмаған жағдайда карантин аяқталады.

 Карантин аяқталған кезде МСАК маманы симптомсыз вирус тасымалдаушыға COVID-19 алдын алу шараларын сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар береді (медициналық масканы, антисептиктерді пайдалану, қол гигиенасы, әлеуметтік қашықтық).

 Үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыда аурудың клиникалық белгілері пайда болған кезде (дене қызуының 38 градусқа дейін және одан жоғары көтерілуі, тамақтың жыбырлауы және/немесе ауыруы, әлсіздік, жөтел, бас ауыруы, ентігу, тыныс алудың қиындауы және коронавирустық инфекцияның басқа да симптомдары) учаскелік терапевт COVID-19 ауыратын науқасқа Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді.

 Жедел хабарлама келіп түскен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі осы COVID-19 науқасты тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады, оны симптомсыз вирус тасымалдаушыларды есепке алудан алып тастайды, сондай-ақ симптомсыз вирус тасымалдау жағдайларының манифестік нысандарға (симптомдары бар жағдайлар) көшуінің жеке статистикасын жүргізеді.

COVID-19 науқастарымен байланыста болған адамның және шетелден Қазақстан Республикасына авиарейстермен келген адамның қолхаты

Елді мекен ________________ 2020 жылғы «___» ______

Мен ______________________________________, ЖСН: _________________,

                                                                 (Т.А.Ә. (бар болған кезде)

__ __ __ жылы ҚР ІІМ/ӘМ берген № _________________төлқұжат/жеке куәлік, ____________________________ мекенжайында тіркелгенмін, нақты ___________________________________ мекенжайында тұрамын. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы _________№ ___- ПГВР қаулысымен бекітілген COVID-19 эпидемиялық тәуекелі жоғары адам ретінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша міндеттемелерді өзіме қабылдаймын. Дербес деректерді өңдеуге келісім беремін.

Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде температурасы немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабардар етіп және жүгіну себебін көрсете отырып, COVID-19 бойынша колл-орталыққа дереу жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру екендігі туралы хабардар етілдім.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз құзыреті шегінде заңды талаптарын немесе қаулыларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылықтың болуы туралы хабардар етілдім.

ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершіліктің болуы туралы, мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауы үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәліметтерді, ақпаратты беруден бас тарту не дәйексіз ақпарат беруден бас тарту түріндегі кедергі келтіруге тыйым салу туралы хабардар етілдім.

Сондай-ақ, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың бар екендігі туралы хабардар етілдім.

Күні:_________Қолы___________

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 23 қазандағы

№ 57 қаулысына

36-қосымша

 

 

Үйде оқшаулау (үй карантині) жағдайлары

 

Үй карантинінің мақсаты - аурудың ықтимал көзінен COVID-19-ды ықтимал жұқтырудың алдын алу және осылайша Қазақстанның аумағында коронавирустың таралуын болдырмау.

 

Үй карантинін ұйымдастыру үшін тұру жағдайларына қойылатын талаптар:

Үй карантині мынадай талаптар/жағдайлар сақталған кезде болуы мүмкін:

1. Байланыста болған адам(дар) көршілерден (басқа отбасы мүшелерінен) оқшаулана алатын жеке пәтер (жеке дәретханасы бар жеке бөлме) бар.

2. Байланыста болған адам және отбасының/үй шаруашылығының басқа мүшелері жеке қорғаныш құралдарына (медициналық маскалар, қолғаптар) қол жеткізе алады және сақтық шараларын (қолды сабынмен жиі жуу, ылғалды жинау жүргізу, үй-жайды желдету) сақтауға қабілетті.

3. Үй шаруашылығында COVID-19 инфекциясынан кейін асқыну қаупі жоғары (60 жастан асқан адамдар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, иммунитеті әлсіз немесе жүректің, өкпенің немесе бүйректің созылмалы аурулары бар адамдар) адамдар жоқ.

4. Стационарлық телефонға немесе ұялы байланысқа қолжетімділік бар.

5. Үй карантинін сақтау жағдайларын міндетті орындау туралы қол қойылған қолхаттың болуы.

6. Адам үй карантині режимін сақтау жөнінде өзіне міндеттеме алады және қолхатта жеке қол қоюымен растайды. Үй карантині режимін бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 

Үй карантиніндегі адамға арналған нұсқаулықтар

1. Үйден шықпау.

2. Түшкіру немесе жөтелу кезінде ауызды және мұрынды, вирустың таралуын болдырмау үшін бір рет қолданылатын сулықпен жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оларды спирт негізінде антисептикпен өңдеу керек. Үнемі тығыз жататын медициналық масканы кию және оны әр 2 сағат сайын ауыстыру керек.

3. Тамақтану алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу немесе спирт негізіндегі антисептикпен өңдеу керек. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды пайдаланған дұрыс.

4. Жеке ыдысты пайдалану қажет.

5. Температура немесе әлсіздену белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабарлап және жүгіну себебін көрсете отырып, COVID-19 бойынша колл-орталыққа жүгіну немесе жедел жәрдемге қоңырау шалу қажет.

 

Үй карантині қамтамасыз етілетін үй шаруашылығы мүшелеріне арналған нұсқаулықтар

Мыналар ұсынылады:

1. Үйге бөгде адамдардың келуін болдырмау.

2. Карантин бөлмесіне кіру кезінде ауыз бен мұрынды тығыз жабатын медициналық маска кию қажет. Егер маска ылғалданған немесе ластанған болса, оны дереу жаңа медициналық маскамен ауыстыру қажет. Медициналық масканы тиісті техниканы пайдалана отырып, яғни оның алдыңғы бөлігін ұстамай шешу.

3. Күн сайын отбасының әрбір мүшесіның дене температурасын күніне кемінде 2 рет өлшеу керек.

4. Үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету.

5. Күн сайын ылғалды жинау.

6. Қолды сабынмен жиі жуу немесе оларды антисептикпен өңдеу, қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды қолданған жөн.

7. Әрбір отбасы мүшесіне жеке ыдыс-аяқты, жеке гигиена құралдарын пайдалану.

8. Түшкіру немесе жөтелу кезінде ауызды және мұрынды, вирустың таралуын болдырмау үшін бір рет қолданылатын сулықпен жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оларды антисептикпен өңдеу керек.

9. Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде дене қызуы немесе сырқаттану белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабарлап және жүгіну себебін көрсете отырып, дереу COVID-19 бойынша колл-орталығына жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру.

 

Үй карантинін сақтау шарттарының міндетті түрде

орындау туралы қолхат

 

Елді мекен ________________ 2020 жылғы «___» ______

 

Мен ______________________________________, ЖСН: _________________,

                                                                  (Т.А.Ә. (бар болған кезде)

__ __ ____ жылы ҚР ІІМ/ӘМ берген № _________________төлқұжат/жеке куәлік, ____________________________ мекенжайында тіркелгенмін, нақты ___________________________________ мекенжайында тұрамын. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы _________№ ___- ПГВР қаулысының ___ қосымшасымен бекітілген COVID-19 эпидемиялық тәуекелі жоғары адам ретінде үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау бойынша міндеттемелерді өзіме қабылдаймын. Дербес деректерді өңдеуге келісім беремін.

Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде температурасы немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабардар етіп және жүгіну себебін көрсете отырып, COVID-19 бойынша колл-орталыққа дереу жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру екендігі туралы хабардар етілдім.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз құзыреті шегінде заңды талаптарын немесе қаулыларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылықтың болуы туралы хабардар етілдім.

ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершіліктің болуы туралы, мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауы үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәліметтерді, ақпаратты беруден бас тарту не дәйексіз ақпарат беруден бас тарту түріндегі кедергі келтіруге тыйым салу туралы хабардар етілдім.

Сондай-ақ, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың бар екендігі туралы хабардар етілдім.

 

Күні:_________

Қолы____________

 

Үй карантинінде болуды қашықтықтан мониторингтеуді қамтамасыз ету

 

Мониторингті қамтамасыз ету үшін:

1. Үй карантиніндегі адамға смартфонына Smart Astana мобильді қосымшасын орнату және қосымшаға барлық рұқсатты беру (GPS, WIFI, Bluetooth)

2. «Мен карантиндемін» режимін қосу және оны үй карантині режимінің қолданылған кезінде өшірмеу

3. Телефон үнемі қосылып тұруы және интернетке қосылған болуы тиіс

4. Мобильді қосымша белсенді болуы немесе фондық режимде жұмыс істеуі тиіс (қосымша қызметінің мәртебесін хабарламалардан немесе виджеттен тексеруге болады)

5. Үй карантині функциясын пайдалану кезінде пайдаланушы GPS, Bluetooth және WI FI режимін ажыратпауы тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 23 қазандағы

№ 57 қаулысына

37-қосымша

 

COVID-19 пандемиясы кезеңінде профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу бойынша алгоритм

 

1. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінің алынуына байланысты 2020 жылғы 11 мамырдан бастап жоспарлы профилактикалық егулерді жүргізу қайта басталды.

2. Толықтырылатын вакцинациялауды жүргізу үшін вакцинацияның бастапқы сериясындағы жоспарлы егулерді өткізіп алған 1 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша вакцинация басым топ болып табылады.

3. COVID-19-ға қатысты мәртебесіне байланысты адамдарды вакцинациялау:

- COVID-19 диагнозы белгіленген пациенттер «медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына (бұдан әрі - №612 қаулы) сәйкес толық клиникалық сауыққаннан кейін вакцинациялануы тиіс;

- COVID-19-бен ауыратын науқастармен жақын және ықтимал байланыста болған адамдар карантин (оқшаулау) мерзімі аяқталғаннан кейін және № 612 қаулыға сәйкес профилактикалық егуді жүргізуге қарсы көрсетілімдер болмағанда мүмкіндігінше тез арада егіледі.

Бұл ретте, адамдардың осы санаты вакцинацияға келген басқа адамдардан бөлек егілуі тиіс.

4. Профилактикалық егулерді алу мақсатында медициналық мекемеге барған кезде адамдар медициналық қорғаныш маскасын киюі тиіс.

5. COVID-19 тіркелген және респираторлық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық кезеңінде халықты жоспарлы иммундауды ұйымдастыру кезінде:

- карантин кезеңінде профилактикалық егу жүргізуді өткізіп алған барлық адамдарды қоса алғанда, вакцинациялауға жататын адамдардың тізімін жасауды қамтамасыз ету;

- вакцинациялауға жататын адамдарды егуге алдын ала шақыруды ұйымдастыру, бұл ретте емханаға бару кезінде уақыт аралығын және физикалық қашықтық шараларын сақтауды (дәрігерлердің қабылдау кабинетінде, егу кабинетінде, дәлізде) қамтамасыз ету;

- жеке жақсы желдетілетін үй-жай бөлу, онда вакцинацияланған балалар мен оларды алып жүретін адамдар физикалық қашықтық талаптарын сақтай отырып, вакцинациядан кейін 30 минут бойы болуы тиіс;

- «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 маусымдағы № 361 бұйрығына (бұдан әрі - № 361 бұйрық) сәйкес вакцинациялауға қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, вакцинациялау жүргізу;

- ауруына байланысты және басқа себептер бойынша дәрігердің қабылдауына келген науқастардан профилактикалық егулер алатын адамдардың бөлек ағымын қамтамасыз ету;

- балаларды қабылдау және вакцинациялау үшін жеке сағаттар және тәуекел тобындағы адамдарды (СОVID-19, байланыста болған, қарт адамдар, созылмалы аурулары бар адамдар) қабылдау және вакцинациялау үшін жеке сағаттар бөлу жөнінде шаралар қабылдау;

- вакцинация алу кезінде еріп жүретін адамдардың санын шектеу: 1 егілетін адамды алып жүру үшін 1 адамнан артық емес.

6. Профилактикалық егулер арнайы жабдықталған егу кабинеттерінде медицина қызметкерлері № 361 бұйрықтың талаптарына сәйкес талаптарды сақтай отырып жүргізеді.

7. COVID-19 және респираторлық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық кезеңінде емханаға кіретін жерде:

- байланыссыз термометрияны қамтамасыз ететін сүзгі орнату және COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдардың болуына сауалнама жүргізу;

- келушілердің қолын өңдеуге арналған санитайзерлер орнату;

- ауру белгілері бар адамдар анықталған жағдайда олар үшін маскалар беруді, күту және дәрігердің қарауы үшін жеке үй-жайды қарастыру қажет; бұл пациенттерге қызмет көрсету кезінде басымдылық берілуі тиіс.

8. Емхана ғимаратында қолжетімді орындарда COVID-19 профилактикасы үшін қол гигиенасын сақтау қажеттілігі туралы ақпарат орналастыру, COVID-19 профилактикасы шаралары бойынша көрнекі құралдарды таратуды қарастыру.

9. Медицина қызметкерлері мен халық үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде шаралар қабылдау:

- емхананың әрбір келушісі ықтимал қауіпті ретінде ескерілуі тиіс, осыған байланысты медицина қызметкерлерін респираторлық инфекциялардан қорғау шараларын сақтау қажет;

- егу кабинеттерінде медицина қызметкерлерінің жеке гигиенасын сақтау үшін жағдай жасау, сондай-ақ келушілердің қол жууына жағдай жасау;

- халық үшін қолжетімді орындарда медициналық қалдықтарды (пайдаланылған маскалар, қолғаптар, сулықтар және т.б.) қауіпсіз жинау және кәдеге жарату үшін контейнерлер орнату.

10. Егер вакцинаның кезекті дозасын енгізу қандай да бір себеппен кешіктірілсе, вакцинацияны қайтадан бастау қажеттілігі жоқ, вакцинаның келесі дозасын мүмкіндігінше тезірек енгізу қажет.

11. Вакциналарды енгізу арасындағы аралық № 361 бұйрықтың талаптарына сәйкес сақталады: егер вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттар сол бір күнде енгізілмесе, тірі вакциналарды енгізу арасындағы аралық кемінде төрт апта сақталады; тірі және инактивацияланған вакциналарды енгізу арасындағы аралық сақталмайды.

12. Қазіргі уақытта COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды және COVID-19 жағдайларымен байланыста болған адамдарды вакцинациялау үшін белгілі медициналық қарсы көрсетілімдер жоқ, сондай-ақ вакцинациялау кезінде балалардың COVID-19-ды жұқтыру қаупінің артуы немесе вакцинацияның ауру ағымына әсері туралы деректер жоқ, яғни COVID-19-бен ауырып сауыққан адамдар және клиникалық белгілері жоқ байланыста болған адамдар әдеттегідей вакцинацияланады.

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 23 қазандағы

№ 57 қаулысына

38-қосымша

 

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтар, резерваттар және басқалар) баруға қойылатын талаптар

 

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, қорықтардың, резерваттардың және басқалардың) (бұдан әрі - ЕҚТА) аумағына маска режимін сақтай отырып, құрамында 3 адамнан аспайтын (бір отбасы мүшелерін қоспағанда) жеке тәртіппен баруға рұқсат етіледі.

2. Туристердің ұйымдастырылған топтары құрамындағы ЕҚТА аумағына мемлекеттік тізілімде тұрған туристік компаниялар арқылы, туристерге қызмет көрсету шарттары болған кезде және ЕҚТА әкімшілігі олардың аумағына баруға рұқсат етіледі.

3. ЕҚТА аумағы бойынша экскурсиялық турларды ұйымдастырудың ерекше шарттары:

1) жергілікті атқарушы органдармен келісудің болуы;

2) ЕҚТА-пен келісілген бағыттың болуы;

 3) қалыптасқан туристік өнім мен топтық гид, сондай-ақ туристер құрамының болуы;

4) ЕҚТА аумағына кіру кезінде жолаушылар көлігі және жүргізуші, сондай-ақ ілесіп жүретін гид (тар) туралы деректер беру);

5) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау туралы кепілдіктің және қалыптастырылған туристік өнім шеңберінде көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер үшін толық жауапкершіліктің болуы;

6) туристер мен бірге жүретін қызметкерлерді туристік компаниялармен маскалармен және санитариялық ерітінділермен қамтамасыз ету.

Ұйымдастырылған топтардың құрамы 7 адамнан кем болмауы және 15 адамнан аспауы тиіс, ал оларды ұлттық саябақтың аумағына жеткізу және тасымалдау (ЕҚТА аумағына кірген кезде) жолаушылар көлігінің жұмысы үшін бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;

4. Келушілер маскада болған жағдайда ЕҚТА аумағына жіберіледі. Келушілердің кіру алдында және аумақта маскалар сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз ету ұсынылады.

5. ЕҚТА аумағында қоғамдық тамақтану орындары мен объектілерінің қызметі көрсетілген объектілер үшін жалпы белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

6. Туристік өнім шеңберінде орналастыру орындары мен қоғамдық тамақтану объектілері болған жағдайда туристік компаниялардың осы ұйымдармен жасасқан шарты болуы қажет.

Туристік өнім аясында орналастыру орындары мен қоғамдық тамақтану объектілері болған жағдайда, осы ұйымдармен жасалған келісім-шарт болуы керек.

7. Мүмкіндігінше өнімді байланыссыз тәсілдермен, оның ішінде тауарларды сату автоматтарының (вендингтік машиналардың) көмегімен сатуды жүзеге асыру ұсынылады.

8. ЕҚТА аумағында жаппай мәдени-ойын-сауық іс-шараларын, пикниктерді өткізуге және су айдындарында шомылуға тыйым салынады.

9. ЕҚТА және оның аумағында орналасқан объектілердің әкімшілігі:

1) жұмыс орындарында, ұлттық табиғи саябақтарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды;

2) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы);

3) халыққа ауысымда кемінде екі рет ауыстыруға жататын маска, бір рет қолданылатын қолғаппен және қолды антисептиктермен өңдей отырып, бүтіндігі бұзылған кезде (келушілермен тікелей байланысы бар қызметкерлер) қызмет көрсетуді;

4) іргелес аумақты таза ұстауға, қоқысты уақтылы шығаруды;

5) одан әрі кәдеге жарату үшін таңбаланған контейнерлерде (полиэтилен қаптар) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды орталықтандырылған жинау;

6) Техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуін;

7) аумақты жинауға арналған жинау мүкәммалын және арнайы жабдықты (шелектер, щеткалар, шүберектер және т. б.) арнайы бөлінген орындарда тиісінше сақтауды;

8) есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, үй-жайларды вирулицидтік әсер ететін құралдармен күніне кемінде 2 рет дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау жүргізілуін;

9) дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, келушілердің демалуына арналған шағын сәулет нысандарын, жабдықтарды күнделікті дезинфекциялауды;

10) ұлттық парк аумағында орналасқан объектілердің үй-жайларын жинауға, қызметкерлердің қолын өңдеуге, тыныс алу органдарының ЖҚҚ арналған дезинфекциялық және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бір апта) қорын;

11) денсаулық жағдайы бойынша қарсы айғақтары жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа жіберуді;

12) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған сақтауды қамтамасыз етуі қажет. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.

13) жұмыс күні ішінде персоналдың дене қызуын бақылау, ЖРВИ және тұмау симптомдары бар персоналды жұмыстан шеттету мақсатында, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу) белгілері жоқ адамдар үшін респираторлық аурулар симптомдарының болуына қызметкерлерден сұрау оқшаулауды қамтамасыз ету және жедел жәрдемді дереу шақыруды;

14) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды тағайындау, келушілердің қозғалыс ағындарын бөлу, температураны өлшеу, персоналға нұсқама жүргізу, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыруды;

15) келушілерді санитариялық нормалар мен қауіпсіздік талаптары туралы хабардар етуді қамтамасыз етуі қажет.

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 23 қазандағы

№ 57 қаулысына

39-қосымша

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіне компьютерлік клубтарға, бильярд залдарына және боулингтерге қойылатын талаптар

 

1. Объекті әкімшілігі жұмыс жағдайымен infokazakhstan.kz сайтта міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды.

2. Объектілердің жұмысын қайта бастауға мынадай жағдайлар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:

1) объектіні ашар алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау жүргізу( оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу));

2) дене қызуы жоғары және/немесе инфекциялық ауру белгілері бар адамдарды жұмыс орнында болудан міндетті түрде шеттете отырып, контактісіз тәсілмен дене қызуын өлшеуге арналған аспаптарды қолдана отырып, персонал мен келушілердің дене қызуын бақылау. Көрсетілген симптомдардың белгілері болған кезде келушілерге қызмет көрсетуге жол берілмейді;

3) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып (1 жұмыс орны арқылы немесе залдағы 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен) келушілерді орналастыра отырып, объектінің жобалық қуаттан 50% артық емес толтырылуы);

4) объекті әкімшілігі өз қаражаты есебінен келушілерді жеке бір рет қолданылатын қолғаптармен қамтамасыз етеді, келушілер қолғапсыз компьютерлерге жіберілмейді;