5) жұмыс орындарында және келушілер үшін қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, телефондар мен басқа да заттарды өңдеуге арналған қызметкерлер мен клиенттер үшін сулықтар қорының болуы;
6) кіреберісте дезинфекциялау құралымен суландыру әдісімен суланған дезинфекциялау кілемшелері орнатылады;
7) келушілерді тек маскамен жіберу;
8) өндірістің технологиялық процесінің ерекшеліктеріне байланысты қызмет түрлерін қоспағанда, медициналық маскаларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен (әрбір 2 сағат сайын) пайдалану және қолғаптарды пайдалану;
9) оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілей отырып, жұмыс орындары арасындағы кемінде 2 метр қашықтықты мүлтіксіз сақтау;
10) желдету режимін қамтамасыз ету және сақтау;
11) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін жағдайларды барынша қамтамасыз ету (карталар, телефондағы қосымша);
2. Объектінің басшылығы клиенттер жиналатын «күту аймағын» алып тастай отырып, алдын ала жазу бойынша жұмысты ұйымдастыруды, келуші (Клиент) мен қызметкер арасындағы әлеуметтік қашықтықты барынша қамтамасыз етуді, персоналдың клиенттермен тікелей байланыстарын барынша азайтуды қамтамасыз етеді.
3. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау есіктің тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, байланыс үстін (қызметкерлердің үстелдерін, орындықтарын), жалпы пайдаланылатын орындарды (гардеробтар, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ауысымда кемінде 2 рет вирусицидті әсер ететін құралдармен жүргізіледі.
4. Үстіңгі беттерді өңдеу дезинфекциялау ерітіндісіне батырылған шүберекпен сүрту тәсілімен немесе дезинфекциялау ерітіндісін тозаңдату арқылы суару тәсілімен жүргізіледі.
5. Ауаны залалсыздандыру қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтай отырып, үй-жайларды міндетті түрде желдетумен адамдар болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
6. Техникалық персонал (тазалаушылар) жеке қорғану құралдарын: халат, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізеді.
7. Пайдаланылған медициналық маскалар (оның ішінде түшкіру және жөтелу кезінде пайдаланылған сулықтар), бір рет қолданылатын жинау шүберегін пакеттерге жинайды және қалдықтарға арналған арнайы контейнерлерге тастайды.
8. Қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және залалсыздандыру мамандандырылған ұйымдармен шарт бойынша жүргізіледі.
9. Персоналдың жұмыс орындарында тамақ ішуіне, тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен жинауды қамтамасыз ете отырып, осы мақсаттар үшін аймақ бөлуді көздеуге жол берілмейді.
10. Объектіде персонал мен келушілердің белгіленген ережелерді сақтауына және персоналмен күнделікті нұсқама өткізуге жауапты адам тағайындалады.
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 23 қазандағы
№ 57 қаулысына
11-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде халыққа тұру бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілерге (қонақүйлер, отельдер) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Объектіге қонақтарды жеткізу бойынша көлік қызметтерін көрсету кезінде көлік құралын жинау журналына белгі қоя отырып, вирусқа қарсы әсер ететін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, көлік құралының салонын ылғалды жинау қамтамасыз етіледі.
2. Қонақүйлерде, отельдерде келушілердің қауіпсіздігі мақсатында:
1) кіреберістегі келушілердің дене температурасын бақылау (ресепшн, күзет пункті);
2) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасау (карталар, телефондағы қосымша) қамтамасыз етіледі.
3. Персоналдың қауіпсіздігі мақсатында:
1) персоналдың профилактикалық іс-шараларды сақтауы;
2) қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс нысанына барынша ауыстыру және өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыс күнін барынша қысқарту;
3) кіру және шығу кезінде санитайзерлерді пайдалану;
4) объектіге бір мезеттік кіру 2 адамнан аспайды;
5) үй-жай ішіндегі адамдар арасында әлеуметтік алшақтықты сақтау;
6) маска болған кезде персоналға рұқсат беру;
7) кіру кезінде персоналдың температурасын өлшеу.
4. Бөлімше басшылары мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) респираторлық инфекцияның кез келген белгілерімен (дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақ ауруы, тыныс алудың қиындауы), симптомдары, жоғары температура анықталған немесе пайда болған жағдайда персоналды жұмысқа жіберуді болдырмау, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыруды ұйымдастыру және жедел жәрдем келгенше осы қызметкерді оқшаулау;
2) персоналдың жұмысын ұйымдастыру кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету;
3) жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және басқа да вирустық аурулар ауруларына ерекше назар аудара отырып, болмау себебін анықтай отырып, журналға белгі қоя отырып, қызметкерлердің жұмысқа шығуының күн сайынғы мониторингін жүргізу;
5. Нөмір қоры қызметінің бастығы қызметкерлердің ұялы телефондарын, гаджеттерді, компьютерлік техниканы, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақ қойғыштары), жиһаздарды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды, лифт батырмаларын міндетті түрде өңдеу арқылы күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.
6.Дезинфекция үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен, оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтай отырып, құралдар қолданылады.
Үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (үстелдер, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін жеке шүберек көзделеді.
7. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады, қызмет берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбада жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталуы қажет. Ыдыстық затбелгі дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.
8. Техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекциялық іс-шараларды жеке қорғану құралдарын: униформа, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып жүргізеді.
9. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда сақталады.
10. Ауаны залалсыздандыру қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтай отырып, үй-жайларды міндетті түрде желдетумен адамдар болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
11. Объектіде 15 минут ішінде күніне 2 реттен кем емес желдету режимі қамтамасыз етіледі.
12. Объектінің басшылығы мыналарды қамтамасыз етеді:
1) персоналдың жеке гигиенасын сақтауы үшін жағдайлар (санитариялық тораптардың жұмыс істеуі, жуу құралдарымен, санитарлармен, қағаз сүлгілермен қамтамасыз ету).
2) бір рет қолданылатын медициналық маскалар (жұмыс ауысымының ұзақтығына және маска ауысымына қарай кемінде 2 сағатта 1 рет) немесе көп рет қолданылатын қорғаныш маскалары (келесі қолданар алдында кейіннен жуу және термиялық өңдеу арқылы), сондай-ақ бір рет қолданылатын немесе көп рет қолданылатын қолғаптар (ауысымына кемінде 2 рет ауыстыруға жататын және бүтіндігі бұзылған кезде), қолды өңдеуге арналған дезинфекциялық сулықтар немесе тері антисептиктері қорының болуы. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануды болдырмаңыз. Пайдаланылған жеке қорғаныс құралдарын жинау пакеттерге шығару үшін арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратылады;
3) көрінетін және қолжетімді жерлерге қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерін орнату, коронавирустық инфекцияның профилактиикалық бойынша жаднамалардың болуы;
4) келушілер көп жиналатын жерлерде (холлдар, залдар, мейрамхана) бактерицидті шамдарды (келушілер мен қызметкерлер болмаған жағдайда пайдалануға) және (немесе) ауаны рециркуляторларды (адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі) ауаны тұрақты зарарсыздандыру мақсатында пайдалануға;
5) есептік қажеттілікке, өңдеу ауданы мен еселігіне қарай дезинфекциялау құралдарының төмендетілмейтін қорының болуы;
6) COVID-19 кезінде персоналды жеке гигиена ережелері бойынша мерзімді оқыту және қажетті шаралар мен іс-қимыл жоспарын іске асыру;
7) персоналдың жұмыс және демалыс аймақтарында қабырға дезинфекциялау құралдарын орнату.
13. Халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы шағын қонақүйлерде, хостелдерде, қонақүйлерде және басқа да объектілерде:
1) COVID-19 бойынша карантин кезінде персоналдың профилактикалық іс-шараларды сақтауы;
2) персоналдың санитерайзерлерді кіру және шығу кезінде пайдалануы;
3) персоналды жеке қорғану құралдары (маскалар) болған кезде кіргізу;
4) қызметкерлердің дене температурасын өлшеуге, жоғары температурада және ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, бұл туралы журналға тиісті белгілер қойылады;
5) қызметкерлердің ұялы телефондарын, гаджеттерді, компьютерлік техниканы, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақ қойғыштары), жиһаздарды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды, лифт кнопкаларын міндетті түрде өңдеу арқылы күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізу. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен, оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтаған кезде құралдарды қолдану;
6) үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (үстелдер, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін жеке шүберек көзделеді;
7) дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады, қызмет берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбада жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталуы қажет. Ыдыстық затбелгі дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.
14. Объектінің басшылығы мыналарды қамтамасыз етеді:
1) персоналдың жеке гигиенасын сақтауы үшін жағдайлар (санитариялық тораптардың жұмыс істеуі, жуу құралдарымен, санитайзерлермен, қағаз сүлгілермен қамтамасыз ету);
2) бір рет қолданылатын медициналық маскалар қорының (жұмыс ауысымының және маскаларды ауыстыру ұзақтығына қарай 3 сағатта кемінде 1 рет) немесе көп рет қолданылатын қорғану маскаларының (келесі қолдану алдында кейіннен жуу және термиялық өңдеу арқылы), сондай-ақ бір рет қолданылатын немесе көп рет қолданылатын қолғаптардың (ауысымына кемінде 2 рет ауыстыруға жататын және бүтіндігі бұзылған кезде), қолды өңдеуге арналған дезинфекциялайтын сулықтар немесе тері антисептиктерінің болуы. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануды болдырмау. Пайдаланылған жеке қорғану құралдарын жинауды шығару үшін арнайы бөлінген орындарда пакеттерге өткізу, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жарату;
3) көрінетін және қолжетімді жерлерге қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерін орнату, коронавирустық инфекцияның профилактикасы бойынша жаднамалардың болуы;
4) есептік қажеттілікке, өңдеу ауданы мен еселігіне қарай дезинфекциялау құралдарының төмендетілмейтін қорының болуы;
5) персоналды жеке гигиена және covid-19 кезінде қажетті шаралар мен іс-қимыл жоспарын іске асыру ережелері бойынша мерзімді оқыту;
15. Барлық объектілерде жұмыс процесін ұйымдастыру кезінде:
1) адамдар көп жиналатын жерлерде, жүріп-тұру қарқындылығы байқалатын ресепшен алдында, едендегі белгілер арқылы немесе шектеу тіректері арқылы орындарды белгілеу арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау;
2) іргелес аумақты тазалықта ұстау, қоқысты уақтылы шығаруды қамтамасыз ету, аптасына 1 рет «санитариялық» күн өткізу;
3) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды бекіту (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқаулық жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, ды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
4) желдету жүйелері мен ауаны кондиционерлеу жүйелерінің профилактикалық тексеру жүргізумен үздіксіз жұмысы (фильтлерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда), әрбір 2 сағат сайын желдету режимін сақтау;
5) егер келген кезде немесе қонақтардың келуі кезінде аурудың кез келген белгілері (жөтел, әлсіздік, жоғары температура және т.б.) байқалатын болса және жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау қажеттігі және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау кезінде қызметкерлер арасында ден қою жоспары туралы нұсқама өткізу;
6) мейманханалық аймақтарда бір-бірінен 1,5 метр қашықтықта дивандар, орындықтар орнату;
7) әрбір келуші/клиент шыққаннан кейін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, бөлмелерді күрделі тазалау жұмыстарын жүргізу қамтамасыз етіледі.
16. Тамақ ішу арнайы бөлінген бөлмеде жүзеге асыралады. Тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірілген) осы мақсаттар үшін үй-жай бөлу көзделеді.
17. Нөмірлерде немесе асханаларда қонақтардың тамақтануын ұйымдастыру үстелдердің арасында кемінде 1 метр қашықтық және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қонақтардың жиналуын болдырмайтын жағдайлар сақталған кезде жүзеге асырылады.
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 23 қазандағы
№ 57 қаулысына
12-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде әуежайлардың, теміржол және автомобиль және су вокзалдарының, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметіне қойылатын талаптар
1. Апта сайын қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын (орындықтарды, есіктерді, тұтқаларды, терезе алды және т.б. өңдеу) қолдана отырып, күрделі жинау жүргізіледі.
2. Эпидемияға қарсы күшейтілген режимді қамтамасыз ету мақсатында ғимараттарда:
1) ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін жоспарлы профилактикалық жұмыс кестелеріне сәйкес желдету және ауаны баптау жүйелерін тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және басқа да жұмыстар жүргізу;
2) барлық үй-жайларды күніне кемінде 3 рет 15 минут жиілікпен желдетуді қамтамасыз ету;
3) нұсқаулық жүргізуге, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыруға, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорымен жабдықтау және қадағалау, нұсқаулықты жүргізу мерзімділігі бойынша журнал жүргізу, қорғаныш құралдарын ауыстыру және дезинфекциялау құралдардың қорларын толықтыруға жауапты адамды бекіту;
4) қызметкерлер арасында COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмі бойынша, жеке/қоғамдық гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқау жүргізу, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау;
5) COVID-19 бойынша карантин уақытында қызметкерлерге ұйымның медицина қызметкерінің қарап-тексеруі кезінде жай-күйіне сауал жүргізу және термометрия жүргізу, қағаз немесе электрондық жеткізгіште тіркеу арқылы медициналық бақылауды қамтамасыз ету;
6) жіті респираторлық инфекциялар (қызба, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да жұқпалы аурулар белгілері бар персонал тексерілу үшін жіберіледі.
7) жұмыста болмау себептерін анықтау арқылы жұмысқа шығуға күн сайын мониторинг жүргізу;
8) жеке қауіпсіздік қызметінің немесе білікті персоналдың кіру кезінде жолаушыларды байланыссыз термометриямен тексеру жүргізуі;
9) жолаушылар болатын жерлерде жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы және күрделі тазалау жұмыстарын жүргізу, еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, орындықтарды, жолаушылардың қолдары жанасатын өзге де жерлерді дезинфекциялайтын сулықтармен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту;
10) өз қаражаты есебінен немесе эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының қаулылары бойынша мемлекеттік сатып алу шеңберінде дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шаралары;
11) әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында ауру белгілері бар жолаушылар анықталған кезде жолаушылар болатын орындарда қорытынды дезинфекциялау жүргізіледі.
3. Объектілерде көрінетін және қолжетімді орындарда( күту залдары, ана мен бала бөлмелері), кіреберісте немесе санитариялық тораптарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.
4. Жолаушылар ағынының байланысына жол бермеу мақсатында келетін және кететін жолаушылар үшін жеке дәліздер ұйымдастырылады.
5. Ағындарды бағыттау және әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар жиналатын жерлерді болдырмау үшін еденге белгі қою қамтамасыз етіледі.
6. Жолаушыларды ақпараттандыру мақсатында санитариялық шараларды сақтау қажеттілігі туралы радиотрансляция 30 минутта кемінде 1 рет жүзеге асырылады.
7. Әуежайларда, вокзалдарда мынадай талаптарды:
1) медицина қызметкерлерінің тұрақты болуын;
2) дезинфекциялық режимнің сақталуын;
3) қажетті дәрілік заттармен, медициналық жабдықтармен және медициналық бұйымдармен (термометрлермен, шпательмен, медициналық маскалармен және т. б.) қамтамасыз етуді;
4) медициналық пункт қызметкерлерін ЖҚҚ және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етуді;
5) әуежай, вокзалдар қызметкерлерінің денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда жедел медициналық жәрдем келгенге дейін медициналық пункттің изоляторында орналастыруды қамтамасыз ете отырып, изоляторы бар медициналық немесе денсаулық сақтау пунктінің жұмысы ұйымдастырылады.
8. Әуежайлар мен вокзалдар персоналы:
1) әуежайлардың, вокзалдардың үй-жайларында, сондай-ақ қоғамдық орындарда медициналық маскаларды міндетті түрде киюге;
2) халыққа қызмет көрсету орындарында (кассаларда, кететін жолаушыларды толық қарап-тексеру аймақтарында) қолғаптарды, медициналық маскаларды уақтылы ауыстыру шартымен (әрбір 2 сағат сайын) жұмыс күні ішінде пайдалануға;
3) қызметкерлер мен жолаушылар арасында кемінде 1 метр қашықтықты сақтауға;
4) жолаушылармен және басқа да қызметкерлермен қарым-қатынасты шектеуге қойылатын талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді.
9. Вокзалдың, әуежайдың қызметкерінде ауруға күдік болған жағдайда ауысымға жаңадан келіп түсетін немесе ауыстыратын қызметкер ауырып қалған адамның жұмыс орнында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілгеннен кейін жұмысқа кіріседі.
10. Әуежайлар мен вокзалдар әкімшілігі мыналарды:
1) персоналды жеке қорғаныш құралдарымен (маскалар, қолғаптар);
2) автобустардағы ауа баптау, желдету жүйелеріне ревизия жүргізу және желдету сүзгілерін ауыстыруды;
3) жолаушыларды отыратын орындар санынан, сондай-ақ автобустың толтырылған алаңының орын санынан аспайтын мөлшерде көлік құралына кіргізуді;
4) объектінің медицина қызметкерінің персоналды медициналық бақылауын (ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі тексеру кезіндегі жай-күйі мен термометриясы);
5) ауысым (рейс, бағыт) аяқталғаннан кейін қоғамдық көлікке дезинфекция жүргізуді;
6) жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорының болуын;
7) көлік құралының салонын желдету, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып салонды ылғалды жинау, маршрут аяқталғаннан кейін тұру кезінде жолаушылардың қолымен жанасуды жоққа шығармайтын еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, отырғыштарды және өзге де беттерді дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүртуді;
8) персоналдың жеке қорғаныш құралдарын (маскалар мен қолғаптар), қолға арналған антисептиктерді, дезинфекциялау құралдарын пайдалануын қамтамасыз етеді.
11. Әуежайлар мен вокзалдар, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттер ғимараттарының ішінде, көлік құралдарында жолаушылар жеке қорғаныш құралдарында (маскалар) болады.
12. Ғимаратқа кіреберісте дезинфекциялау құралымен суландыру әдісімен суланған дезинфекциялау кілемшесі орнатылады.
13. Іргелес аумақ таза ұсталады, қоқыс уақтылы шығарылады, пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды орталықтандырылған жиналады, одан әрі кәдеге жарату үшін таңбаланған контейнерлерге (полиэтилен қаптарға) салынады.
14. Дезинфекциялау арқылы өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орын, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен жүргізіледі.
15. Ауаны залалсыздандыру қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтай отырып, үй-жайларды міндетті түрде желдетумен адамдар болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі.
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 23 қазандағы
№ 57 қаулысына
13-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде маусымдық ауыл шаруашылығы дала жұмыстарына, табиғат қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларына тартылған ұйымдар мен қызметкерлердің қызметіне қойылатын талаптар
1. Маусымдық ауыл шаруашылығы дала жұмыстарын, табиғат қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге, оның ішінде бал ара шаруашылығына тартылған адамдардың көлікпен жүруі міндетті санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған кезде, мемлекеттік тіркеу куәлігін (шаруа қожалығы, фермер қожалығы, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші) ұсына отырып, елді мекенге оралу құқығымен жүзеге асырылады, сондай-ақ, сізге нақты жауап алу үшін білім саласына құзырлы органга-ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтына хабарласуыңзға болатынын хабарлаймыз.
«Сергек блокпост» дерекқорына міндетті түрде енгізе отырып, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары үшін.
2. Ауыл шаруашылығы өнімдерін астық қабылдау кәсіпорындарынан тиеп жөнелтуді қамтамасыз ететін а/ш кәсіпорындарының, ұйымдарының мамандандырылған техникасын қаржыландыруды, лизингті және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ұйымдар көлігінің шығуы міндетті санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған кезде, мемлекеттік тіркеу куәлігін (шаруа қожалығы, фермер қожалығы, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші) ұсына отырып, елді мекенге оралу құқығымен жүзеге асырылады, сондай-ақ, сізге нақты жауап алу үшін білім саласына құзырлы органга-ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтына хабарласуыңзға болатынын хабарлаймыз.
«Сергек блокпост» дерекқорына міндетті түрде енгізе отырып, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары үшін.
3. Қызметкерлерді тұрғылықты жерінен жұмысқа және жұмыстан қызметтік автобуспен/автокөлікпен орталықтандырылған жеткізу;
4. Көлік құралының жүргізушісінде қолды өңдеуге арналған антисептиктің және жеке қорғаныш құралдарының (арнайы киім, маскалер мен қолғаптар, көзді қорғау құралдары/бетке арналған маска), оларды талап етілетін жиілікпен міндетті түрде ауыстыра отырып болуы;
5. Әрбір рейс алдында автокөлік салонына дезинфекция жүргізіліп, кейіннен желдету жүргізіледі.
6. Қызметкерлердің кіруі және шығуы автобустарда/шағын автобустарда барлық есіктердің бір мезетте ашылуы кезінде жүзеге асырылады.
7. Салонға маска киген жолаушылар отыратын орын санынан аспайтын мөлшерде жіберіледі.
8. Қызметкерлер арасында жеке/қоғамдық гигиена ережелерін сақтау, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізіледі.
9. Күнделікті жұмысқа шығу мониторингі жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 23 қазандағы
№ 57 қаулысына
14-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде мектепке дейінгі балалар ұйымдарына қойылатын талаптар
1. Объекті әкімшілігі infokazakhstan.kz сайтында жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды.
2. Әкімшілік персонал өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыс күнін барынша қысқарта отырып, қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырылады.
3. Объектіде ашу алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу) жүргізіледі.
4. Қызметкерлерді жұмысқа жіберу жеке медициналық кітапшасы және жұмысқа рұқсаты болған кезде жүзеге асырылады. Объектінің үй-жайларына мынадай адамдар жіберілмейді: