Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2020 жылғы 18 тамыздағы № 506 шешімі
(2024.17.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыналар:
1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;
2) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | С. Сотников |
| Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы |
Б. Сандыбеков |
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2024.27.05. № 101 шешімімен 1-қосымша өзгертілді (2024 ж. 17 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қостанай облысы
Қостанай қаласы мәслихатының
2020 жылғы 18 тамыздағы
№ 506 шешіміне
1-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
| № | Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар |
| 1 | Тың игерушілер алаңы |
| 2 | Жеңіс паркі |
| 3 | Қобыланды батыр даңғылы және Ғ.Қайырбеков көшесі шекараларындағы Текстильщиков көшесі бойындағы аллеясы |
| Демонстрациялар, шерулер өткізу үшін арнайы маршрут | |
| 1 | Орталық алаң - Жеңіс паркі (А.Байтұрсынов және Әль-Фараби даңғылы қиылысындағы алаң - Баймағамбетов көшесі - Жеңіс көшесі - Жеңіс паркі) |
Қостанай облысы
Қостанай қаласы мәслихатының
2020 жылғы 18 тамыздағы
№ 506 шешіміне
2-қосымша