«Үржар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2023 жылғы 16 қарашадағы № 357 Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 230 Қаулысы

«Үржар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2023 жылғы 16 қарашадағы № 357 Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 230 Қаулысы

 

Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Үржар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2023 жылғы 16 қарашадағы № 357 Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 170-18 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының кiрiспе бөлiгі (кiрiспесі) мынадай редакцияда жазылсын:

««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабының 1 - тармағының 4-2) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

Үржар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Үржар ауданы әкімдігінің

2024 жылғы 27 қыркүйектегі

№ 230 қаулысына

қосымша

 

 

Үржар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.