(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 602-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 602-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

602-бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару

1. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуге салықтық өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін - қайтаруға өтініш) бойынша жүргізіледі.

2. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтаруды салық төлеушінің осындай салық, алым, төлемақы, өсімпұл бойынша жеке шоттарын жүргізетін салық органы жүргізеді.

3. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

4. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару осы Кодекстің 599-бабында көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.

5. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару ұлттық валютада салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотына жүргізіледі.

Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.

Салық органы салық берешегi болған кезде салықтың, төлемақының, алымның, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырылмастан орын алған салық берешегiн өтеу есебіне есепке жатқызуды жүргізеді.

Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда, салықтың, төлемақының, алымның, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырылмастан заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелерінің орын алған салық берешегiн өтеу есебіне жүргізіледі.

Салықтың, төлемақының, алымның, өсімпұлдың артық төленген сомасының қалдығы осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады.

2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

6. Салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан және бұрын алынған есепке алу-бақылау маркаларын қабылдау-беру актісі бойынша салық органына қайтарған жағдайларды қоспағанда, есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын аталған тауарларға акциздің артық төленген сомасын қайтару жүргізілмейді.

7. Салық органы салық, төлемақы, алым бойынша қайтару мерзімі бұзылып жүргізілген, олардың артық төленген сомасын қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық органы салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есептейді. Өсімпұл қайтару күнін қоса алғанда, қайтару мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.

8. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұлдар сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсімдердің есебінен салықтың, төлемақының, алымның артық төленген сомасын қайтарған күні салық төлеушінің қайтаруға салықтық өтінішінде көрсетілген банк шотына аударылуға жатады.

 

603-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуін қайтару

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін қайтару (осы баптың мақсаты үшін бұдан әрі - қосылған құн салығының асып кетуі) осы бапта көзделген шарттар орындалған кезде осы Кодекстің 600-бабында көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығын қайтару туралы қосылған құн салығын төлеушінің талабы бойынша жүргізіледі.

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ  өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Кодекстiң 273 және 274-баптарына сәйкес қайтаруға жататын асып кеткен қосылған құн салығы салық органының асып кеткен қосылған құн салығын қайтаруға төлем құжатын жасау күнiне және кейiнгi салық кезеңдерi үшiн декларацияларда көрсетiлген, бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы шегерiле отырып қосылған құн салығын қайтару туралы талап көрсетiлген декларацияда салық кезеңiнiң соңында, қосылған құн салығының қайтарылуға жатпайтын асып кеткен сомасын қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушiнiң дербес шоты бойынша артық төлем сомасынан асып кетпеуге тиiс.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық берешегі болмаған кезде оның банк шотына осы Кодексте көзделген қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару мерзімі ішінде жүргізіледі.

Салық органы салық берешегi болған кезде есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырмай-ақ, орын алған салық берешегiн өтеу есебіне қосылған құн салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды жүргізеді.

Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу есепке жатқызуға салықтық өтінішін тапсырылмастан заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелерінің орын алған салық берешегiн өтеу есебіне жүргізіледі.

Қосылған құн салығы бойынша асып кету сомасының қалдығы осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады.

4. Салық органы қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару мерзімін бұзған кезде мерзімі бұзыла отырып қайтарылған осындай асып кетуге салық органы салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есебіне жазады. Мерзімі бұзыла отырып қайтару жүргізілген осындай асып кетуге қайтару мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап қайтару күніне дейін мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есебіне жазылады.

5. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұлдар сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсімдердің есебіне қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару күні салық төлеушінің банк шотына аударылуға жатады.

 

604-бап. Басқа да негіздер бойынша қосылған құн салығын қайтару

1. Осы Кодекстің ерекше бөлімімен көзделген негіздер бойынша:

1) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша төленген;

2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдікке төленген қосылған құн салығының сомасы бюджеттен қайтарылуға жатады.

2. Грант алушыға қайтарылуға жататын қосылған құн салығын қайтаруды грант алушының орналасқан жері бойынша салық органы осы Кодекстің 599-бабына сәйкес есепке жатқызулар жүргізілгеннен кейін оның банктік шотына осы Кодекстің 275-бабында белгіленген қайтару мерзімі ішінде жүргізеді.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасында акредиттелген шет мемлекеттiң дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерiне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне және осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдарға, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдарға, консулдық қызметшілерге, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, қосылған құн салығын қайтаруды салық органы осы Кодекстің 276-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде олардың банктік шотына жүргізеді.

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 605-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 605-бап жаңа редакцияда (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

605-бап. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару

1. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың күшін жою немесе мөлшерін азайту нәтижесінде оның төленген сомасын қайтару салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге салықтық өтініш (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - айыппұл сомасын қайтаруға өтініш) негізінде жүргізіледі.

Айыппұл сомасын қайтаруға өтінішке айыппұлдың заңсыз салынғаны салдарынан оның күшін жоюды немесе көлемін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот актісі немесе салық қызметінің жоғары тұрған органының (лауазымды адамның) шешімі қоса берілуге тиіс.

2. Айыппұл сомасын қайтаруға өтінішті салық төлеуші қайтаруға жататын айыппұл сомасы есептеулі тұратын жеке шоты бойынша салық органына ұсынады.

3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес айыппұлдың төленген сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотына айыппұл сомасын қайтаруға өтініш ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.

4. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау мақсатында айыппұлды төлеу кезінде артық төленген соманы қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 606-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

606-бап. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасын қайтару және есепке жатқызу

Осы Кодекстің 599, 601 - 602-баптарында көзделмеген негіздер бойынша бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомаларын қайтару және есепке жатқызу осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша жүргізіледі.

 

 

84-тарау. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ЕСЕПТЕУ, ҰСТАП ҚАЛУ ЖӘНЕ АУДАРУ, ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАРДЫ ЕСЕПТЕУ МЕН ТӨЛЕУ БОЙЫНША  МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАБАРЛАМА

 

607-бап. Жалпы ережелер

Салық органының салық міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігі туралы салық төлеушіге (салық агентіне) қағаз жеткізгішпен немесе оның жазбаша келісімі бойынша электрондық тәсілмен жіберген хабары хабарлама деп танылады. Хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.

2. Хабарлама түрлері төменде аталған түрлермен шектеледі және олар салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай мерзімдерде:

1) осы Кодекстің 32-бабының 2-тармағына сәйкес салық органы есептеген салық сомалары туралы - есептеу күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) тексеру нәтижелері туралы - осы Кодекстің 638-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық төлеушіге салық тексеруі актісін табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

3) тарату салық есептілігін табыс еткен күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомалары туралы - тарату салықтық тексеру актісін салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігінің табыс етілмеуі туралы - хабарламасын жіберу мерзімі осы Кодексте белгіленген оны табыс ету мерзімінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілетін, корпоративтiк табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда, бұзушылық анықталған күннен бастап жіберіледі.

Уәкілетті орган растаған, бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателіктер туындауы себебінен осы тармақшада көрсетілген хабарламаны жіберу мерзімі бұзылған жағдайда, осы хабарлама мерзімінде жіберілген деп есептеледі. Бұл ретте осындай хабарлама бойынша салық міндеттемесін және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелерді салық төлеуші осы Кодекстің 608-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде орындауға тиіс.

Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 579-бабына сәйкес әрекетсіз деп танылған салық төлеушіге қатысты қолданылмайды;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) салық берешегін өтеу туралы - осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көзделген мерзімде орындалмаған салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданыла бастағанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей;

6) дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы - өндіріп алуға дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы - осы Кодекстің 37-1-бабының 7-тармағында және 43-бабының 8-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық есептілігінде бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;

8) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық органының шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары туралы - шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы - оларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

10) салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқтығын) растау туралы - салық органының лауазымды адамдары салықтық зерттеп-тексеру актісін жасаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.

3. Хабарламада:

1) сәйкестендіру нөмірі;

2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе толық атауы;

3) салық органының атауы;

4) хабарлама күні;

5) салық міндеттемесінің және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелердің сомасы - осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда;

6) салық міндеттемесін және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау туралы талап;

7) хабарлама жіберу үшін негіз;

8) шағым жасау тәртібі көрсетілуге тиіс.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)

4. Осы Кодекстiң 608-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген жағдайда, салық органдары осы баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген хабарламалардың көшiрмелерiн салық төлеушiге (салық агентiне) жiбередi.

Осы баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген хабарламалардың түпнұсқасын алу үшiн салық төлеушi (салық агентi) салық органдарына жүгiнуге құқылы»;

 

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 608-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

608-бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, хабарлама салық төлеушiге (салық агентiне) өзiнiң қолын қойғызып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс.

Бұл ретте, төменде тiзбеленген тәсiлдердiң біреуiмен жiберiлген хабарлама мынадай жағдайларда:

1) почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жiберiлгенде - салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күннен бастап;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) электрондық тәсiлмен жiберiлгенде - веб-қосымшада хабарламаны салық органы жіберген күннен бастап хабарлама салық төлеушiге (салық агентiне) тапсырылды деп есептеледi. Бұл тәсiл осы Кодекстiң 572-бабында белгiленген тәртiппен электрондық салық төлеушi ретiнде тiркелген салық төлеушiге қолданылады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-1. Егер осы баптың 1-2, 1-3-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеп тексеру жүргізу күні осындай хабарламаларды табыс ету күні болып табылады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-2. Осы Кодекстің 637-бабының 2-тармағына сәйкес салықтық зерттеу актісінің негізінде салықтық тексеру аяқталған және салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда мына күндердің бірі:

салық төлеушіде (салық агентінде) банк шоты болмаған кезде - осындай хатты почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған күн;

салық төлеушіде (салық агентінде) банк шоты болған кезде -егер хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) осы мерзім ішінде қол қою арқылы тапсырылмаса, осындай хатты почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң басталатын күн мұндай хабарламаларды тапсыру күні болып табылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-3. Салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 4) - 9) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, салық органы осындай хабарламаны қайтарған күннен кейінгі күннен кешіктірмей салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, атауын немесе тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса), хабарламаның қайтарылу күнін көрсете отырып, ол туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырады.

2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгiленбесе, салық органдары осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 2)-4), 7)-9) тармақшаларында көрсетiлген хабарламаларды жiберген жағдайда, салық мiндеттемесi және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтiк аударымдарды есептеу және төлеу бойынша мiндеттемелер салық төлеушiге (салық агентiне) хабарлама табыс етiлген күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде орындалуға жатады.

3. Салық төлеушi осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген таратудың салықтық тексеруiнiң нәтижелерi туралы хабарламалармен толық келiскен жағдайда, салық төлеушi хабарламаларда көрсетiлген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша мiндеттемелердi орындау туралы растайтын құжаттармен қоса осындай келiсу туралы өтiнiштi табыс етедi.

Бұл ретте, салық төлеушi тарату салықтық тексерудiң нәтижелерi туралы хабарламалармен келiскенi туралы өтiнiштi салық органына хабарлама тапсырылған күннен кейiнгi күннен бастап жиырма бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей табыс етедi.

4. Осы баптың 1, 2-тармақтарында белгiленген хабарламаларды тапсыру және орындау тәртібі осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетiлген хабарламалардың көшiрмелерiне де қолданылады.

5. Салық органдары осы Кодекстiң 607-бабының 4-тармағында көрсетiлген жағдайда салық төлеушi өтiнiш жасаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мұндай салық төлеушiге осы Кодекстiң 607-бабының 2-тармағы 4), 5) тармақшаларында көрсетiлген хабарламалардың түпнұсқасын бередi.

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны салық органы хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберуге және салық төлеушi (салық агентi) хабарлама жiберiлген күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.

 

 

85-тарау. МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛМАҒАН САЛЫҚ  МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ ОРЫНДАЛУЫН

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТӘСІЛДЕРІ

 

609-бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау мынадай:

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер сомасына өсімпұлды есепке жазу;

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) салық төлеушінің (салық агентінің) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың банк шоттары бойынша (корреспонденттiк шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) салық төлеушінің (салық агентінің) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;