ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.28.07. № 277 бұйрығымен (2023 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) нұсқаулық жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 3-3/517 бұйрығына
4-қосымша
Осы редакция 2026 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу жөніндегі
нұсқаулық
(2023.14.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы Биязылау жүнді қой тұқымдары бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және биязылау жүнді қой тұқымдарына бонитирлеу жүргізу тәртібін айқындайы.
2. Биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу тәртібі
3. Биязылау жүнді қойлар таза тұқымды қойларға және будандарға бөлінеді.
4. Таза тұқымды қойларға мыналар жатады:
1) бір тұқымның таза тұқымды ата-енелерін шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар;
2) екі тұқымның біреуі бойынша қан құрамы кемінде 75 пайыз болған кезде тұқымдар генотипі бойынша жақын, туыс екі жануарды шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар;
3) бір тұқымның қан үлесі кемінде 93,75 пайыз болған кезде туыс емес тұқымдарды будандастыру нәтижесінде алынған жануарлар;
4) екі және одан көп туыс емес тұқымдардың қатысуымен жаңа тұқым жасау нәтижесінде алынған жануарлар.
5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілмеген қойлар будандарға жатады.
6. Биязылау жүнді қой тұқымдары өнімділік бағыты бойынша: жүнді-етті, ұзын жүнді етті-жүнді және қысқа жүнді етті-жүнді болып бөлінеді.
Жүнді-етті тұқымдарға цигай тұқымы жатады.